Қараман ата жерасты
мешiтi – Шетпеден 35 км жерде, Бекi елдi мекенiнiң батыс жағында орналасқан.
Мешiт тау шатқалының төменгi қабатынан ойып жасалған, негiзiнен 3 бөлмеден
тұрады. Жалпы көлемi 4 га жердi қамтиды. Бөлмелердiң ең биiгi 2,5 метрге жуық.
Үлкен бөлменiң төбесi тастан құралған бағандармен бекiтiлген. Екi бөлменiң
төбелерiнен жарық түсетiн дөңгелек терезелер ойылған. Ел аузындағы аңыздар
бойынша, Қараман ата Шопан атаның немересі, батыр, дiн уағыздаушы. Жергiлiктi
халық көршiлес елдiң арасындағы даулы жағдайды шешу үшiн Қараман атаның
аруағына сүйенiп, анттасады екен, сонда iстiң ақ-қарасы бұлжытпай шешiледi деп
сенген. Қазақтар атаның қасиеттерiне
сыйынып, оның жерленген осы мешiтiне келiп, өздерiнiң iс-әрекеттерiне ант
берген. Көп жағдайда Қараман атаның атымен ант
берiп, оны орындамаған адамдар қауiп-қатерге, өлiмге ұшырап олардың
тұқымдарына кесiрi тиген. Қараман ата кешенi 1982 ж. Республикалық мәртебеде мемлекеттiк қорғауға қабылданған
тарихи-мәдени ескерткiш. Қазақстанның жер-жерiнен зияратшылардың келетiн киелi
орны.