Skip to content

Шопан ата жер асты мешіті және қорымы

Шопан ата жерасты мешiтi – Қарақия ауданында, Сенек елдi
мекенінен 20 км солтүстік-шығыс бағытта
орналасқан. Мешiт бiр-бiрiне қосылған 12 шағын бөлмелерден тұрады, ақборлы
жартастың қабатынан ойылып жасалған. Алғашқы кезде бұл ғимарат керуеншiлер,
жолаушылардың тоқтап, паналайтын орны болған, себебi: Маңғыстаудан Хорезмге
баратын, Ұлы Жiбек жолында орналасқан. Кейiннен бұл құрылыс мешiт ретiнде дiни
салт-дәстүрлер өткiзiлiп, балаларды оқытқан және де осының бәрi орта ғасырдағы
сопылық iлiм таратушы Шопан атамен тiкелей байланысты. Мал шаруашылығымен
айналысатын қазақтарда аңыз бойынша Шопан ата қой мен үй жануарларының қорғаны
дейдi. Ел аузындағы аңыз әңгiмелердiң бiрiнде Шопан ата  батыр, дiн iлiмiн таратушы тұлға болыпты. Ол
әйгiлi Қожа Ахмет Ясауидiң Маңғыстауға жiберген шәкiртi болған. Шамамен 10-11 ғасырларда өмiр сүрген. Елiн,
жерiн қорғауда жаны шейiт болған Шопан-атаның даңқы көтерiлiп, бұл маңайдағы су
да, сай сала да, жайылымдық қоныс та Шопан ата есiмiмен аталады. Ал соғыста
құрбан болған жауынгерлердiң бәрiн сол шайқастың орнында жерлеп, бұл қорымның
қасынан жарқабақ бетiнен ойып үңгiр мешiт 
салған.

Мешiттiң жанында
аймақтағы ең ежелгi де, ең iрi аттас қорымдық бар.  3 000-ға жуық қабiрүстi ескерткiштер топталған.
Бұл жерде Маңғыстаудың дәстүрлi сәулет өнерiнiң барлық үлгiлерiн кездестiруге
болады. Шопан ата кешенi 1982 ж.
Республикалық мәртебеде мемлекеттiк қорғауға
қабылданған тарихи-мәдени
ескерткiш. Қазақстанның жер-жерiнен зияратшылардың келетiн киелi орыны.

 

Leave a Reply