Skip to content

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

Тарихи-мәдени мұраларымыздың заңмен қорғалуы

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні 1984 жылдан бастап

жыл сайын 18 сәуір күні атап өтіледі. Мерекені 1983 жылы ЮНЕСКО жанындағы

Ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі Халықаралық

кеңес Ассамблеясы белгілеген. Мерекенің басты мақсаты – тарихи ескерткіштерді

сақтау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару.

Қазақстан Республикасының 2019 жылдың 26 желтоқсандағы «Тарихи-

мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» № 288-VІ ҚРЗ жаңа

заңы шығуына орай, бұрынғы 1992 жылғы 2 шілдедегі заң күшін жойды. Осыған

байланысты,

қазіргі таңда уәкілетті орган

ҚР Мәдениет және спорт

министрлігімен Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра мәселелері

бойынша заңнамалық актілеріне де өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде,

республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімін қайта

бекіту жұмыстары жүргізілуде. Сәйкесінше, облыстарда да жаңа заңнамаға сәйкес

жергілікті маңызы бар ескерткіштердің мемлекеттік тізімін бекіту туралы

қаулылары жасақталып, уәкілетті органмен келісу арқылы қайта шығарылады.

Заңнамаға сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғаудың және

пайдаланудың мақсаты оларды қайта жаңғыртуды, сақтауды, кеңінен танытуды

қамтамасыз ету болып табылады.

Аталған заң уәкілетті органның және

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы

органдарының құзыреті,

аумақтарды игеру кезінде тарихи-мәдени мұра

объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету, тарих және мәдениет ескерткішіндегі

ғылыми-реставрациялық, археологиялық жұмыстарды жоспарлау және жүзеге

асыру, тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, оларды

пайдалану, меншік иесінің құқықтары, т.б. негізгі міндеттерді қамтитын 39 баптан

тұрады. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау

және пайдалану туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының

заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді. Осы орайда, заңнамадан

туындайтын қағидаларға сәйкес, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауды

қамтамасыз ету мақсатында әрбір тарих және мәдениет ескерткішіне оның қорғау

аймағы, құрылыс салуды реттеу аймағы және қорғалатын табиғи ландшафт аймағы

белгіленеді.

Ережеге сәйкес, ескерткіштің қорғау аймағында шаруашылық

қызметті шектейтін және құрылысқа тыйым салатын жерді пайдаланудың ерекше

режимі белгіленеді, жаңа құрылыс жұмыстары жүргізілмейді. Мысалы, Маңғыстау

облысында жергілікті тұрғындар ежелгі қорымдардың қорғау аймағына күмбездер мен кереге-тамдар, түнемелік үй құрылыстарын тұрғызады. Жаңадан салынған

құрылыстар

аймаққа

тән діни-қабірлеу кешендерінің қалыптасқан тарихи

көрінісінің бұрмалануына әкеліп соғады. Тарихи қалыптасқан ортасы бар жаңа

құрылыстардың сәулеттік бірлігін қамтамасыз ету мақсатында құрылыс өлшемдері,

сәулет шешімі, пайдаланылатын материалдар, түсі, орналастыру қағидаты

бойынша тарих және мәдениет ескерткішінің құрылысын реттеу аймағында

реттелуі тиіс. Одан бөлек, тұрғындар ежелгі тамдарға өз бетімен өзгерту, қалпына

келтіру жұмыстарын жүргізеді, ескерткіштің түпнұсқалы архитектурасына

айрықша нұқсан келтіреді. Яғни, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26

желтоқсандағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы»

Заңының 28,29 баптары (Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары,

Тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыру және өзгерту) және

“Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

туралы” 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы

(Тарихи-мәдени мұра объектiлерi мен ландшафтарды сақтау жөнiндегi талаптар)

бұзылып отыр. Бұл 2014 жылғы 5

шілдедегі

№ 235-V ҚРЗ

Қазақстан

Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 145-бабы

бойынша тарих және мәдениет ескерткішінің заңсыз орнын ауыстыру және оны

өзгерту, тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі

мүмкін жұмыстарды жүргізу, тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау

аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт

аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін бұзушылықтар деп танылып,

айыппұл салуға алып келеді.

Арнайы лицензия арқылы жүзеге асырылатын тарих және мәдениет

ескерткішіндегі

ғылыми-реставрациялық жұмыстар және археологиялық

жұмыстарды жоспардан тыс жүргізуге жол берілмейді. Жоспарды уәкілетті орган

мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жеке

және заңды тұлғалардың ұсыныстарын ескере отырып, алдағы күнтізбелік жылға

қалыптастырады. Ұсыныстар уәкілетті органға жоспарланып отырған жылдың

алдындағы жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде тапсырылады. Археология

ескерткіштері мен тарихи-мәдени мұра объектілерінің, қорғандар, қорымдар және

жергілікті жер бедерінде айқындалған, жабық археологиялық кешендері болуы

мүмкін өзге де объектілерді шурфтармен және өзге де барлау аршулармен

тұтастығын бұзуға тыйым салынады. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі

ғылыми-реставрациялық жұмыстар тарихи-мәдени мұра объектілерінің тарихи,

сәулет-көркемдік келбетінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Қағидаға сәйкес, алдымен

жұмыстардың

ғылыми-жобалау құжаттамасы

жасақталып бекітіледі. Қалпына келтіру жұмыстары кезінде құрамы мен түрлері

бойынша түпнұсқаларымен барынша бірдей материалдар қолданылады.

Пайдаланылатын материалдарды дайындау түпнұсқа материалдардың құрамы мен

қасиеттерін зерттеу және зертханалық зерттеу жұмыстарын жүргізу процесінде

әзірленген технология бойынша жүзеге асырылады. Сыртқы ғылыми-

реставрациялық жұмыстары Цельсий бойынша + 5 градустан төмен температурада

жүргізілмейді.Сондай-ақ, соңғы жылдары далалық жерлерде, көне қалашық орындары мен

қорғандарда, қорымдарда «қара археологтар» металл іздеуші құралдарымен бағалы

заттар іздеп қазып, талқандап кету жағдайлары көп кездеседі. Олар ескерткіштің

мәдени қабатын жойып, нұқсан келтіреді, сондай-ақ құнды жәдігерлердің

қайтарымсыз жоғалуына әкеліп соғады. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы

органдар, құқық қорғау органдарының назарына маңызды ескерту, 2014 жылғы 3

шiлдедегі № 226-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 295-

бабына да өзгерістер енгізілді. Енді, кез-келген жерде іздестірудің арнайы

техникалық құралдарын (металл іздегіштер, радарлар, магниттік аспаптар,

топырақ қабатында археологиялық заттардың болуын айқындауға мүмкіндік

беретін басқа да техникалық құралдар) немесе жер қазатын машиналарды

пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет – археологиялық жұмыстарды

заңсыз жүргізу әрекеті деп танылып, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе

белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра

отырып немесе онсыз, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде

айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа

дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас

бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сонымен қатар, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының

Жер кодексін 127-бабына және 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарихи-мәдени

мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 30-бабына сәйкес

аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін Қазақстан

Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау

бойынша археологиялық жұмыстар жүргізілуге тиіс. Бұл жұмыстарды жүргізбеген

жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 145-бабы бойынша

айыппұл салуға алып келеді. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер

пайдаланушылар өздеріне берілген жердегі тарихи-мәдени мұра объектілерінің

сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының маманы

Дауымшарова Нұрсәуле 

Leave a Reply