Қазақ ұлтының ұлы тұғыры, Алаш жұртының асқақ айбары – ару Астанаға 20 жыл! Тарих үшін қас-қағым сәт. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл да тегеурінді ұсынысымен Қазақстан Республикасының Парламенті 1994 жылы 6 шілдеде ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. Көз алдымызда тәуелсіз Қазақстанның тарихы салтанат құрды. 20 жыл ішінде еліміздің бас қаласы – Астана төрткүл дүниені түгел тамсандырған тарихи құбылысқа айналғаны ақиқат. Арқа төсіндегі сәні мен салтанаты жарасқан елорда бүгінде озық идеяларды, жаңа ғылыми шешімдер мен сәулет өнерінің озық үлгілерін өмірге әкелетін жерұйық іспеттес. Міне, осындай тамаша жетістіктер мен жеңістерге толы 20 жыл ішінде Ұлы даланың қақ кіндігі – Сарыарқа төсінде XXI ғасыр ғажайыбы, әлемдік мегаполис, арман қала бой көтерді.
Осыған орай, Астананың 20 жылдығын атап өту мақсатында «Маңғыстау мемелекеттік тарихи-мәдени қорығы» мекемесінде 2 шілде күні «Асқақтай бер -Астана» тақырыбында әріптестер арасында лекция оқылып, Астананың өсіп көркеюі, тарихы қызу талқыланды. Сонымен қатар келешегіміз жастар қолында демекші, өсіп келе жатқан өрен жасөспірімдерге,яғни Мұнайлы ауданы «Балдәурен» лагерінің балаларына Елорда атанған Астана жайында қызықты мәліметтер айтылып, экскурсия жүргізілді. Болашақта осы маңғыстаулық жас буындардың арасында да Астананың көркеюіне үлес қосар сәулетшілер мен тарихшылар бар деген нық сенімдемін. Болашақта да елдіктің ерен елордасы – Астанада ғасырлар бойы Қазақстан халқының азат ойы мен мүдделері, асқақ арманы мен мақсаттары іс жүзіне асырыла беретін болады, Асқақтай бер –Астана!
А.К.Яриханова
«Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» бөлім меңгеруші
