Іссапар мақсаты: аудандары бойынша Орталық Үстірт, Шығыс Үстірт, Оңтүстік-Шығыс Үстірті
шыңдары аймақтарына археологиялық барлау
жүргізу, тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, алғашқы есепке алу жұмыстарын
жүргізу, Қырғын қорымы, Әліке-Қанай некрополі, Бармақ некрополі, Құсшы – ата
некрополі, Дауысты-Дүкен некрополі, Дауысты күмбезтамы, Шұбартай күмбезтамы,
Мешіт-су некрополі, Жолболды некрополі ескерткіштерінің техникалық жағдайларын
тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, Аманбай
ата бойынша құжаттандыру жұмыстарын жүргізу.
Іссапар
мерзімі: 28 қазан – 2 қараша 2022 жыл (6 – күндік )
Іссапар құрамы: Қ.Бимағанбетова
– «Ескерткіштерді есепке алу және қорғау» бөлімі меңгерушісі
Е.Давлетов –
«Сәулет және археология бөлімі» меңгерушісі
Л.Бешакова –
«Тарихи-мәдени мұраларды қорғау» бөлімі маманы
Ж.Айтқұлова – «Экскурсия және көпшілік» бөлімі маманы
Іссапар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері:
1.
Жолбаян 1 қорымы XIX-XX ғғ, N044°633.841, E054°44.25
98. Маңғыстау ауданы, Төлеп селосынан 22, 88 км оңтүстік-батыс бағытта
орналасқан. Жолбаян құдығымен Мөже
құдықтарының ортасында орналасқан. Қорым тегіс жазықтықта орналасқан. Қорымда
жобамен 6 тас қоршау, үлкен көлемді келген археологиялық тас шеңбер
орналасқан. Тас қоршаулар өңделмеген
жалпақ тастардан дөңгелек, сопақша пішіндерде қаланған. Қазіргі кезде
құрлыстары бұзылған тастары жан-жаққа шашылған, кейбірі топыраққа көмілген.
Археологиялық тас шеңбер топыраққа көмілген, жалпы құрылысы өңделмеген жалпақ
тастарды жерге тігінен орналастырған. Қорым көлемі 0,2 га шамасында болып келеді.
2.
Жолбаян 2 қорымы, XIX-XX ғғ, N044°59 1191,
E054°44.1872. Маңғыстау ауданы, Төлеп
селосынан 27 км оңтүстік-батыс бағытта орналасқан. Қорымда екі үлкен тас
қоршау орналасқан. 340х180х90 см
көлемінде келген тас қоршаудың құрылысы төрт бұрышты пішінде қаланған. Осы тас
қоршаудан 200 м шамасында қашықтықта үйінді тастардан қаланған объекті
орналасқан. Айналасында қос тас белгі, тас белгі, 2 тас үйінді, тас қоршаулар
барлығы 10-нан астам объектілер орналасқан.
3.
Құдайназар қорымы, XIX-XX ғғ, N044°55 2971,
E054°45.3617. Маңғыстау ауданы, Төлеп
селосынан 31 км оңтүстік-батыс,
Құдайназар сорынан 2 км шығыс бағытында
орналасқан. Қорымда 30-дан астам объектілер
бар. Қорымда сағанатам, 6 тас үйіндімен тас белгі, 20 тас үйінді, 2 төртасқа орнатылған қойтас құлпытасымен, құлпытас үштасқа орнатылған қойтастар орналасқан. Сағанатамның
кіре беріс ойығының жақтауларындағы тастары құлаған, плита тастары орнынан
көтеріліп құлау қаупінде тұр, құлпытасы сағанатамға сүйеулі қалпында тұр. Үштасқа
орнатылған қойтас қазіргі кезде жерге құлаған, құлпытас үштасқа сүйеулі
қалпында тұр. Қорымда орналасқан құлпытастарда арабша жазулар жазылған.
Құлпытастардың барлық жақтауларында әр
түрлі қару жарақтардың бейнелері салынған, жақтаулары ою-өрнектермен әсемделіп
қашалынған.
4.
Кикілі қорымы XIX-XX ғғ N044°49 4766, E054°47.6292. Маңғыстау ауданы, Төлеп селосынан
38 км оңтүстік-батыс бағытта, Кикілі құдығынан 1 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан. Қорым
көлемі 0,3 га шамасында болып келеді. Қорымда 20-дан астам объектілер бар.
3 құлпытас, қойтас қазіргі кезде құрылыстары қирап шашылған. Құлпытастары жерге
құлаған, кейбірі бірнеше бөлікке бөлініп сынған, қойтастар орындарынан қозғалған. Жекелеген 3 тас белгі
қойылған. Қалған ескерткіштердің барлығы тас үйінді түрінде келген, алдарына
тас белгі орнатылған, адай таңбасы анық қашалып салынған.
5.
Мешітсу 1 қорымы, XIX-XX ғғ,
N044°258749, E054°994588 Маңғыстау
ауданы, Төлеп селосынан 73
км оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Қорымда екі тас қоршау орналасқан. Бірінші тас
қоршаудың құрылысы өңделмеген жалпақ тастардан сопақша пішінде қаланған. Тас
қоршаудың алдына адамның басы мен кеуде мүсіне ұқсас жалпақ тастан тас белгі
орнатып қойған. Тас белгіде адай, кете руларының таңбасы салынған. Құрылысы
жақсы сақталған. Екінші тас қоршаудың құрылысы сопақша пішінде тігінен жалпақ
тастардан жерге қадалып орнатылған. Тас белгісі табан тасынан ажырап жерге
құлаған қалпында жатыр.Тас белгіде адай таңбасы айқын көрінеді.
ІССАПАР НӘТИЖЕСІНДЕ:4 тарих және мәдениет
ескерткіштерініңтехникалық байқау
актілері дайындалып, 17 есеп карточкалары объектілердің
техникалық жағдайларына байланысты қосымша мәліметпен толықтырылады. 5
тарихи-мәдени мұра объектілеріанықталды.
Ескерткіштерді есепке алу және қорғау бөлімі Қ. Бимағанбетова
