Skip to content

Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік
қорғауда тұрған Құнан некрополі, Темір Абдал (Шерқала) некропольдері,
Үшкөз-Мейрам некрополі, Шілкөз-Мейрам некрополі,  Қапаш мешіті, Күркіреуік, Олжа қыз күмбезтамы
ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық
нөмірлерін жаңғырту, ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілген  Қарауылкүмбет некрополдері, Ақмыш сайына
мониторинг жүргізу, фотофиксациядан өткізу.

Іссапар бағыты: Ақтау
қаласы – Жыңғылды –  Құнан қорымы – Ақмыш
– Темір Абдал (Шерқала) – Шілкөз-Мейрам – Шетпе – Үшкөз-Мейрам – Қапаш мешіті –
Күркіреуік – Оңды – Олжа қыз – 
Қарауылкүмбет –  Ұштаған –  Шетпе – Ақтау 
қаласы.

Іссапар
мерзімі: 27-30 сәуір 2022
жыл (4-күндік)

Іссапар құрамы: Қ.Бимағанбетова  – «Ескерткіштерді қорғау және есепке алу» бөлімі маманы

Л.Бешакова – «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау» 
бөлімі маманы

А.Алғадай  – «Ескерткіштерді қорғау және есепке алу» бөлімі маманы

Е.Қаздаев –
көлік жүргізушісі

Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағында заңсыз
(өз бетімен) жүргізілген құрылыстар анықталды: 2021 жылдың
қыркүйек айында Ж.Сағындықов деген азаматтың
жетекшілігімен қорымдағы Құнан-атаның қабіріне орнатылған №50 құлпытастың дәл
іргетасы түбінен бастап құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жаңа кесене салынған.
Жыңғылды ауылының әкімі С.Жұбанов қатысуымен заңбұзушылық әрекет бойынша акт
толтырылды. Қазақстан Республикасының Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау
және пайдалану туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында заң
бұзушы тұлғаны жауапқа тарту шараларын қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2013 жылы қорымдағы жаңа қойылымдар арасында халық
композиторы Есір Айшуақұлына арналып 1989
жылы салынған мүсіні бұзылып қирауына байланысты, ескерткіштің орнына
жаңадан төрт құлақты кесенетам орнатылды. Іссапар барысында №35 құлпытас,
қойтас; №38 қойтас, №40 құлпытастардың айналасына  әлдекімдер ракуш таспен қоршау орнатып
қойғандығы анықталды.

Шілкөз-Мейрам қорымындағы№7 күмбезтамға әлдекімдер цементпен
тастарының ашылған тұстарына сылақ жұмыстарын жүргізген және алдына «Руы
Жеменей Қожамсүгір Бернияз ұлы Исан» деп тақтайша орнатып қойғаны анықталды.

№3 сағанатамға өз бетінше
заңсыз қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген, сағанатам бетіне тақтайша
жапсырып, сонымен қатар сағанатамға жапсарлас тас қалап қойған.

2019 жылы «Күркіреуік (Шудабай) қорымы» тарих және мәдениет
ескерткіші аймағында заңбұзушылық әрекет анықталып, Руы Бәйімбет Сүгірәлі
Мәмбетниязұлы Әкімнің ұрпақтары Қарақия ауданының
тұрғыны Марат деген азамат қорымдағы есепке алынған кіші пішінді сәулет
үлгісі саналатын №13 қойтастың сыртынан төрт қабырғалы кереге там құрылысын
орнатты. Аталған азаматқа түсіндіру жұмыстары
жүргізіліп, заңсыз құрылысты алып тастауға 1 ай уақыт беріліп, нәтижесінде
ескерткіштің бастапқы келбеті қайта қалпына келтірілді.

Іссапар
нәтижесінде 7 техникалық байқау актілері дайындалады, оның ішінде 220
объекттің инвентарлық нөмірлері жаңғыртылды
, фотофиксация жұмыстары
жүргізілді.

Leave a Reply