Ақтау қаласы №25 жалпы білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімдері Биманова Әйгерім және Орынбекова Мадина «Маңғыстаунама» облыстық танымдық байқауына дайындалу үшін Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығына келіп, қорықтың қорында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысты.
