25 сәуір күні Маңғыстау облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жаңа басшысы Әбілқайыр Байпақов түбегіміздің бай тарихи-мәдени мұрасын қорғайтын бірегей мекеме – “Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы” ММ-не келіп, мамандарымен және жұмыс бағытымен танысып кетті. Ақтау қаласының тарихи ескерткіші болып саналатын мекеме ғимаратын мұқият аралап, қызметкерлердің уәжін тыңдады.
Шағын экскурсия барысында Маңғыстау даласын мекендеген халықтар қалдырған бірегей ескерткіштер мен қоныстар, жерлеу кешендері туралы деректерге қанықты. Сонымен бірге, қорыққа жыл ішінде келетін қонақтар санын сұрап, статистикалық мәліметтермен танысты.

