Skip to content

«Тарих толқынындағы Маңғыстау» халықаралық ғылыми конференциясы өтеді

Ақтауда «Тарих толқынындағы Маңғыстау» халықаралық ғылыми конференциясы өтеді

Ақтауда 16-17 қараша күні «Тарих толқынындағы Маңғыстау» халықаралық ғылыми конференциясы өтеді. Шараға Қазақстаннан бөлек, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан және Түркия елінен 30-ға тарта ғылым саласының мамандары мен профессорлар қатыспақ.

Конференция мақсаты – Маңғыстаудағы тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау, қорғау жолдарын қарастыру. Спикердің айтуынша, еліміздің археологиялық және архитектуралық ескерткіштерінің 35-40% осы Үстірт пен Маңғыстау облысында орналасқан. Соңғы он жыл көлемінде жүргізілген археологиялық жұмыстар нәтижесінде тағы біраз орындар анықталған.

15 қараша күні брифинг өтті.

-Маңғыстау – ерте тас ғасырынан бастап, осы күнге дейін көптеген обьектілер сақталған бай өлке. Мұндағы жер асты мешіттері мен балбал тастар, петроглифтердің қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі зор, – дейді брифингке қатысқан Мұрат Қалменов.

Брифинг барысында конференцияға арнайы шақырылған Әзірбайжан құрылыс және архитектура ғылыми зерттеу институтының профессоры Низами Юсифов та бұл жиынның маңыздылығына тоқталды.

-Біз археологиялық жәдігерлермен туып, қазба және зерттеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін, бұл тарихи орындарды қараусыз қалдырмау мәселесін де бірігіп көтереміз. Өйткені сан ғасырлар бойы жер астында жатқан мұралар ашылып, көрініп жатқандықтан жел, жаңбыр сияқты факторлар әсер етуі мүмкін. Біз осының алдын-алып тиімді шараларды қолдануымыз қажет, – дейді Низами Юсифов.

Айта кетейік, халықаралық ғылыми конференция 16-17 қараша күні «Достық үйінде» өтеді. Басталауы сағат 09:00.

Leave a Reply