Skip to content

Бәйте-3 ғибадатханасы

Бәйте-3 ғибадатханасы – Маңғыстау ауданы, Сай-Өтес елді мекенінен 20 шм солтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Бұл орын б.д.д. IV-IIІ ғ.ғ-ға жатқызылатын археологиялық ескерткіш болып табылады. Бәйте ғибадатханасына 1998 жылы Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғибадатхананың орны, көптеген тас мүсіндер, көшпелілердің дүниетанымына, космогониялық анималдық, күнтізбелер ұғымына байланысты артефактор табылған. Ғибадатхананың ішкі құрылысының негізгі  жобасы шеңбер ішіндегі шаңбақ тәріздес болып келеді.

Бәйте ғимаратының диаметрі 19 м. Ішкі бөлмелерінің  қабырғасы 3 метр  биіктікке дейін сақталған. Сыртқы қаптамалы  қабырғасының  құлап қалған қабырғаларының мұқият өңделген  және бір-біріне  қиюластырылған  тас блоктары  оның биіктігін 5 метрлік  немесе одан да  жоғары деп  анықтауға  мүмкіндік береді.  Құрылыстың сыртқы формасы 2 сатылық  құрылымнан тұрған – цилиндр мен күмбезден. Құрылыс  тегістелген соң,  тас плиталар  төселген  жазық нүктеден күмбезді негізгі  цокольдық  іргетастың диаметрі 14 м зәулім тас  қаланымның  үстінен көтеру тәсілі арқылы  салынған. Күмбез тіреуіші  айқыш пішінді кішігірім ішкі  бөлмені құрайтын  төрт ішкі бекіткіш  тіреу есебінен  үлкейтілген. Тіпті, күмбездің биіктігі 10 м болған   деген  болжам жасауға да болады. Құрылысқа 2 сатылық  сипатты тас пен топырақтан толтырып  қаланған ені 2,5 м мықты сүйеу қабырға беріп тұр.

       Ішкі бөлмелер жоспары  бойынша дүниенің  төрт бұрышын нұсқаған  несториандық айқышты еске  салады. Тоғысқан жерінде  «айқыш»  сәулелері  ішіндегі  еденге  төртбұрышты  құрбандық шалатын  тастан  жасалған шағын от жағатын  алтарь қойылған дөңгелек залды құрайды.  Ол батыңқы  шеттерінің  бұрыштары  дөңгеленіп келген  және ол шеттерінде  ойыңқы  шағын  ернеулер бар. Құрбандық  шалатын орынның  ортасында  қиғаш айқыш  ойық салынған.

       Құрылыстың  сыртқы қабырғасынан  кіретін  есік  табылмады. Орталық  залға 2,5 м биіктіктен  тас саты  апарады, оның 14 баспалдағы сақталған. Барлық бөлмелердің  төбесі  жеке-жеке жабылған, құрылымы  жалған күмбезді;  орталық залдың  төбесі биік жарық құдығымен бітеді.  Ғимарат қатты  жер сілкінісінен  қираған. Уақыт өте келе  қирандының  тастарының  біразын тасып алып кеткен,  қалған үйінділерін  құм басқан. Осылайша  үлкен оба пайда болған. Ескерткіш шамамен  б.з.д. 4-3 ғғ.  Ғибадатхананың  ішкі-сыртқы қабырғаларында рулық белгілер мен суреттер молынан  салынған. Олардың пайда болған уақытын  анықтау  өте күрделі. Болжам бойынша, таңбалардың  көп бөлігі  алан кезеңіне жатады. Орыс тіліне аздап  бұрмаланған түрде  «тамға» болып енген «таңба» деген түркі сөзімен (рулық,  тайпалық және т.б.) иеліктің немесе  әртүрлі тарихи кезеңдердегі (рудың, тайпаның,  әулеттің,  династияның т.б.)  меншігіндегі  табиғи нысандардың, қозғалмалы заттардың  және  культтік жерлеу-еске  алу құрылыстарының  бетіне,  ал малшы  халықтарда  көбінесе  үй малының  денесіне  салынатын символдық белгілерін айтқан,  яғни иеленушілік пен тануға және  мәлімет ретінде  көрсетуге қажет арнайы  заңды құжат.

Бәйте  типіндегі  ғибадатханалардың  ерекшелігі – олардың  аумағының  таза болуы, мұқият зертелуіне қарамастан,  олардың  бүкіл аумағында ешбір тұрмыстық  қалдықтар мен  шаруашылық  әрекеттің іздері табылмаған. Сирек түрде ырымдық  тақталардың,  шағын тас  ыдыстардың, құрбан шалынатын  орындардың  үзінділері кездеседі.

Бәйте типіндегі  ғибадатханаларды  сахаралық Еуразияның  синхрондық табыну  кешендерімен салыстырған кезде  бірқатар «жалпы көшпенділік» элементтерінің  (төбелер мен  шұңқырлары бар  төбе  тәрізді үйінділер,  құрбан  шалатын  орындар мен т.б.)   орын алуымен қатар олардың өзіндік ерекшелігі  айқындалады. Антропоморфтық мүсіндерді  анықтау дәстүрі  одан да ерекше болып келеді. Бәйте типіндегі  мүсіндер кейбір  ортақ белгілердің  болуына қарамастан,  икона жазу мен  бейнеленген  реалилермен  одан бұрынғы  б.з.д. 6-5 ғғ. Скифтік,  сондай-ақ скифтік мәдениеттің  кейінгі (б.з.д. 4-3 ғғ.)  даму кезеңдеріндегі  ескерткіштерінен  өзгешеленеді.  Бұл көне  темір дәуіріндегі  көшпенділердің  ескерткіш салу өнерінің  үстірт-маңғыстау ошағының  салыстырмалы түрдегі дербестігін  мойындауға  мүмкіндік береді.  Бұл арал-каспий  аралығындағы  сармат тайпалары  мәдениетінің  ең жоғарғы дәрежеде  өркендеуі мен әскери-саяси  белсенділігінің  артқан уақыты.  Алдын-ала  бұл жерде  сарматтардың  этносаяси бірлестіктерінің  екі орталығын  бөліп кетуге болады, олар оңтүстікте Бәйте және солтүстікте Қызыл Үйік түріндегі  қарулы жауынгерлердің  мүсіндері бар  орасан зор ғибадатханалармен  белгіленген. Ескерткіш 2003 жылы жергілікті дәрежеде тарих және мәдениет ескерткіші болып мемлекет қамқорлығына алынған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Үстірт пен Маңқыстау қазыналары» З.Самашев, Қ.Көшербаев, Е.Аманшаев, А.Астафьев. Алматы 2007;
  2. Ольховский В.С. Галкин Л.Л. Комплекс святилища Байте (начало иследования)// Маргулановские  чтения. Сборник материалов конференции. Алма-ата 1989;
  3. Ольховский В.С. Галкин Л.Л. Культовый комплекс на Устюрте  (предварительное сообщение) // СА: 1990. №4;
  4. Самашев З., Ольховский В.С. Племена Арало-Каспийских  степей в сарматскую эпоху. История Казахстана. Т.1. 1995.
  5. «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ мұрағат құжаттары (ескерткіш паспорты)

Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы
бөлім меңгерушісі Яриханова Айман Керліқұлқызы

Leave a Reply