Қосқұдық елді мекені

Қосқұдық ескерткішінде археологиялық зерттеулер 1993-2003-2006 жылдары өткерілді. жылдан басталған. Елді мекен Энеолит дәуірінде  (энеолит – тас ғасыры тарихи кезеңнің аяғы) б.д.д. 4-мыңжылдықтың 3-жартысы кезеңдерінде қалыптасқан. Ескерткіш үлкен тұрғын-үй қалдықтарынан және үй алдына шаруашылық қызметтері үшін тұрғызылған алаңдардардан тұрады. Үйде  бір уақытта 30-35 адам өмір сүрген деп болжамданады. Үйдің онша биік емес тас қабырғалары және құрылыстың ортасындағы шомбал тас бағандарды ұстап тұрған ағаштан жасалған жабыны болған. Қазба жұмыстары кезінде жер пеші, түтіндік және қыздыратын тас төсемеден тұратын жылу жүйесінің қалдықтары табылды.  Бұл үйді мекендеушілер аңшылықпен, балық аулаумен және терімшілікпен айналысқан. Бұл жерде тас, тері, ағаш, сүйек өңдеу дамыған және қыш ыдыстар мен ұлу тастан әшекейлік бұйымдар өндірілген. Қосқұдықшыларға тоқымашылық өнері таныс болған. Табылған заттардың көпшілігін еңбек құралдары мен өндіріс орындарының шақпақ тасты минерал қалдықтары құрайды. Еңбек құралдарының қатарында жоғары деңгейде жасалынған пышақ, қырғыш, қайшы, қысқыш, қашау, бұрғы, тескіш, жебенің оғын ұштайтын ұштағыш сияқты күрделі элементтері кездеседі. Сонымен қатар, құрған ауды ауырлатып тұратын тастан жасалған әр түрлі үлгідегі жүктас бөліктері табылды. Қосқұдықшылар еңбек құралдары мен қару-жарақ дайындағанда клей затының орнына қара майды пайдаланған.

Үй қалдықтарын қазу үстінде археологтар тасқа иректеле кескінделген екі жыланға ұқсайтын суреттерді анықтады, бұл сурет тұрғындардың теңіз толқындарын қастерлейтінін білдіреді.

  Үй жанынан дәстүрлі жерленген адам қойылымы табылды. Құрбан сүйектері дөңгелек пішіндегі шұқырда тастармен араласа сақталған. Жасы 40-50 шамасындағы жерленген ер адамның басы батысқа бағыттала, сол жақ қырынан күржите жатқызылған. Зерттеушілердің болжауынша бұл адам үйдің салынуы кезеңінде құрбан болған дейді. Москвалық антропологтар сүйек қалдықтарынан осы адамның бассүйегін құрастырып шығарды. Бұл Қазақстан территориясындағы қазірде табылып зерттелген өте ерте қойылым деп саналады. Ғалымдардың анықтауынша жерленген адам Арал-Каспий және Орал өңірін мекендеген европалық нәсілдің өте ежелгі антропологиялық түрі.

Бұл қонысты Каспий теңізі жағалауы шекарасын қоныстанған тұрғындар ұзақ уақытты тұрғын-үй деп лайықтап салған. Зерттеушілер Қосқұдық тұрғындарының шаруашылық және мәдени комплексін мезолит (б.д.д. 10 – 7 мыңжылд.) дәуірімен байланыстырады.

Қосқұдық-1 елді мекені туралы мәліметтер Арал-Каспий өңірінің тарихи дәуірлік кезеңдеріндегі мал шаруашылығы дамуының негізгі аймағы болғандығын білдіреді. Солтүстік Каспий территориясын мекендеген, үй жануары қой өсірумен айналысатын халықтың бір бөлігі Маңғыстау өңірінде энеолит кезеңінен бастап қоныстана бастаған. Бұл жануарды бағу шөл және шөлейт аймақтарды мекендеген ежелгі Маңғыстаулықтар өмірінде шаруашылықтың жаңа түрі  - көшпелі мал шаруашылығының туындауына негіз болды. Бүгінгі таңда б.д.д. 3 мыңжылд. басы – 5 мыңжылд. уақыттарымен белгіленетін үлкен тұрғын-үй құрылыстарының фундаменті  сақталған 25-тен астам мекен-жайлар белгілі. Көлемі онша үлкен емес Маңғыстау территориясында ерте кезеңді ескерткіштердің көп шоғырлануы Евразия далаларына жүргізілген археологиялық зерттеулер қорытындыларында кездеспейді.

 

Жарияланған күні: 1 ақпан 2020




22 шілде 2021

Қызылқала қалашығы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енгізілген ескерткіш ретінде интернет желілерде халыққа насихаттау негізінде


: https://www.facebook.com/100021085860873/videos/1244660602672009/
Толығырақ

23 сәуір 2020

Шерқала тауы және қорымы


Шерқала тауы – Маңғыстау ауданы, Шетпе кентiнен 17 км солтүстік батыс бағытта орналасқан. Арабша арыстан қала деген мағынаны бiлдiредi. Таудың солтүстік етегiнде әскери бекiнiс бар. 1851 ж геологиялық экспедицияның құрамында


Толығырақ

11 сәуір 2020

Сырлытам жерленiмi

Сырлытам жерленiмi 1999 ж Маңғыстауда кездейсоқ табылған едi. Топырақ катакомба iшiнде 4 м тереңдiкте сыңайы көшпелi элитаға жататын 3 адамның мүрдесiнiң қалдықтарын тапты. Өкiнiшке орай, көп тоналған. Катакомбаның ортасына қартаң жауынгер әйелдi жерлеген.


Толығырақ

25 наурыз 2020

Белдеулі керуен-сарайы

Белдеулі керуен-сарайы түбінде бес ескі құдығы бар кең қазан-шұңқырдың ортасында орналасқан. Бас құрылыс 27х24 м тіктөртбұрыш формалы келген, қиылған әктас-ұлутастан тұрғызылған. Кіре беріс солтүстік-шығыс қабырғаның ортасында орнатылған. Оның ені


Толығырақ

10 наурыз 2020

Сырлытам жерленiмi

Сырлытам жерленiмi 1999 ж Маңғыстауда кездейсоқ табылған едi. Топырақ катакомба iшiнде 4 м тереңдiкте сыңайы көшпелi элитаға жататын 3 адамның мүрдесiнiң қалдықтарын тапты. Өкiнiшке орай, көп тоналған. Катакомбаның ортасына қартаң жауынгер әйелдi жерлеген.


Толығырақ

28 ақпан 2020

Бәйте 3

Бәйте 3 ғибадатханасы Маңғыстау ауданында Өтес селосынан  45  км солтүстік-шығыс бағытта Үстiрт кеңiстiгiнде орналасқан. Оның да құрылысы Түбежiк секiлдi. 20 ғ аяғында зерттелген. Ғимараттың ұзындығы 3 м. Сыртқы қаптамалы қабырғасының


Толығырақ

17 ақпан 2020

Үлкенқұдық

Алғашқы қоғамдардан жалғасып келе жатқан  қайтыс болған ата- бабаларын қастерлеп, олардың рухына табынудан орын алған қабiрүстi ескерткiштер тұрғызып, ол жердi кие тұту дәстүрi қола дәуiрiнде кеңiнен қанатын жайып, бүгiнгi  Маңғыстау тұрғындарының да өмiршең


Толығырақ

1 ақпан 2020

Қосқұдық елді мекені

Қосқұдық ескерткішінде археологиялық зерттеулер 1993-2003-2006 жылдары өткерілді. жылдан басталған. Елді мекен Энеолит дәуірінде  (энеолит – тас ғасыры тарихи кезеңнің аяғы) б.д.д. 4-мыңжылдықтың 3-жартысы кезеңдерінде қалыптасқан. Ескерткіш үлкен


Толығырақ

16 қаңтар 2019

Орта ғасырлық Қызылқала қалашығы

Ерте орта ғасырларда Маңғыстау облысы аймағынан белгілі Ұлы жібек жолы деген континент аралық сауда жолдарының солтүстік тармақтары өткен. Маңғышлақ түбегінің аймағы құрлық және теңіз сауда қатынастарының тамаша ұштасқан сауда жолдарының транзиттік


Толығырақ

16 қаңтар 2019

Маңғыстау археологиялық ескерткіштері

Маңғыстау тарихының ерекшеліктері бүгінгі таңда ғылыми әлемнің қызығушылығын оятып, дәйекті деректерімен қолдау туғызуда. Аймақтың құпиясы ашылған әрбір ескерткіші Қазақстанның ғана емес, бүкіл адамзат тарихында елеулі орын алып отыр. Олар: ежелгі палеолиттік


Толығырақ

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28