Маңғыстау археологиялық ескерткіштері
Маңғыстау тарихының ерекшеліктері бүгінгі таңда ғылыми әлемнің
қызығушылығын оятып, дәйекті деректерімен қолдау туғызуда. Аймақтың
құпиясы ашылған әрбір ескерткіші Қазақстанның ғана емес, бүкіл адамзат
тарихында елеулі орын алып отыр. Олар: ежелгі палеолиттік Сарыташ
шығанағы шеберханалары, тас дәуірінің аяғы кезеңді Қосқұдық кешенді елді
мекені, қола дәуірінің қала типтес Тоқсанбай, Айтман ескерткіштері,
Бәйте 1-3, Қызылүйік, Тасастау, Қайнар, Әурентөбе, Соққы, Ақпан ерте
темір дәуірінің ғибадатханалары, Жезді, Қарақауақ және Қызылқала орта
ғасырлық қалашықтары, Шақпақ-ата, Қараман-ата, Сұлтан-епе, Шопан-ата,
Бекет-ата жерасты мешіттері, орта ғасыр және жаңа заман кезеңдерінің
кешенді қорымдықтары. Тарихи-сәулет және археологиялық ескерткіштер
тізімі жыл сайын жаңадан анықталған объекттермен толықтырылып отыр.
Облыстағы соңғы жылдардағы археологиялық зерттеулердің басты
бағыттарының бірі 10-13 ғғ. кезеңдерімен шамаланатын Қызылқала орта
ғасырлық қалашығы қалдықтарын зерделеу болып табылады. Бұл ескерткіш
Қазақстан аймағындағы ірі ескерткіштердің бірі ретінде саналады.
Қызылқала қалашығы мәліметтері Арал-Каспий өңірі көшпелілерінің орта
ғасырлық тарихы, сондай-ақ Шығыс Европа мен Азия елдерінің сауда
бағыттары мен дамуы туралы шексіз жұмбақтардың шешіміне негізді жол
сілтейді.
22 шілде 2021
Қызылқала қалашығы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енгізілген ескерткіш ретінде интернет желілерде халыққа насихаттау негізінде
: https://www.facebook.com/100021085860873/videos/1244660602672009/
Толығырақ
23 сәуір 2020
Шерқала тауы және қорымы
Шерқала тауы – Маңғыстау ауданы, Шетпе кентiнен 17 км солтүстік батыс бағытта орналасқан. Арабша арыстан қала деген мағынаны бiлдiредi. Таудың солтүстік етегiнде әскери бекiнiс бар. 1851 ж геологиялық экспедицияның құрамында
Толығырақ
11 сәуір 2020
Сырлытам жерленiмi
Сырлытам жерленiмi 1999 ж Маңғыстауда кездейсоқ табылған едi. Топырақ катакомба iшiнде 4 м тереңдiкте сыңайы көшпелi элитаға жататын 3 адамның мүрдесiнiң қалдықтарын тапты. Өкiнiшке орай, көп тоналған. Катакомбаның ортасына қартаң жауынгер әйелдi жерлеген.
Толығырақ
25 наурыз 2020
Белдеулі керуен-сарайы
Белдеулі керуен-сарайы түбінде бес ескі құдығы бар кең қазан-шұңқырдың ортасында орналасқан. Бас құрылыс 27х24 м тіктөртбұрыш формалы келген, қиылған әктас-ұлутастан тұрғызылған. Кіре беріс солтүстік-шығыс қабырғаның ортасында орнатылған. Оның ені
Толығырақ
10 наурыз 2020
Сырлытам жерленiмi
Сырлытам жерленiмi 1999 ж Маңғыстауда кездейсоқ табылған едi. Топырақ катакомба iшiнде 4 м тереңдiкте сыңайы көшпелi элитаға жататын 3 адамның мүрдесiнiң қалдықтарын тапты. Өкiнiшке орай, көп тоналған. Катакомбаның ортасына қартаң жауынгер әйелдi жерлеген.
Толығырақ
28 ақпан 2020
Бәйте 3
Бәйте 3 ғибадатханасы Маңғыстау ауданында Өтес селосынан 45 км солтүстік-шығыс бағытта Үстiрт кеңiстiгiнде орналасқан. Оның да құрылысы Түбежiк секiлдi. 20 ғ аяғында зерттелген. Ғимараттың ұзындығы 3 м. Сыртқы қаптамалы қабырғасының
Толығырақ
17 ақпан 2020
Үлкенқұдық
Алғашқы қоғамдардан жалғасып келе жатқан қайтыс болған ата- бабаларын қастерлеп, олардың рухына табынудан орын алған қабiрүстi ескерткiштер тұрғызып, ол жердi кие тұту дәстүрi қола дәуiрiнде кеңiнен қанатын жайып, бүгiнгi Маңғыстау тұрғындарының да өмiршең
Толығырақ
1 ақпан 2020
Қосқұдық елді мекені
Қосқұдық ескерткішінде археологиялық зерттеулер 1993-2003-2006 жылдары өткерілді. жылдан басталған. Елді мекен Энеолит дәуірінде (энеолит – тас ғасыры тарихи кезеңнің аяғы) б.д.д. 4-мыңжылдықтың 3-жартысы кезеңдерінде қалыптасқан. Ескерткіш үлкен
Толығырақ
16 қаңтар 2019
Орта ғасырлық Қызылқала қалашығы
Ерте орта ғасырларда Маңғыстау облысы аймағынан белгілі Ұлы жібек жолы деген континент аралық сауда жолдарының солтүстік тармақтары өткен. Маңғышлақ түбегінің аймағы құрлық және теңіз сауда қатынастарының тамаша ұштасқан сауда жолдарының транзиттік
Толығырақ
16 қаңтар 2019
Маңғыстау археологиялық ескерткіштері
Маңғыстау тарихының ерекшеліктері бүгінгі таңда ғылыми әлемнің қызығушылығын оятып, дәйекті деректерімен қолдау туғызуда. Аймақтың құпиясы ашылған әрбір ескерткіші Қазақстанның ғана емес, бүкіл адамзат тарихында елеулі орын алып отыр. Олар: ежелгі палеолиттік
Толығырақ
Соңғы хабарлар
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023
"Тұлпар" жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды
 22 мамыр 2023
Қарақия ауданына қарасты орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылған жылжымалы көрме
 20 мамыр 2023
"Жылдың Үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы"✨✨✨
 20 мамыр 2023