Атақозы бейіті

Атақозы Айтқұлұлы бейіті Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосынан 18 км оңтүстік-батыс бағытта, Көне Бейнеудегі Бекет ата мешітінің солтүстігінде 2 км қашықтықта орналасқан.

 Атақозы Айтқұлұлы  (1704-1794) – Кіші жүзде аты аңызға айналған батыр.  40 мыңдай қазақ, қарақалпақ жасақтарының 1723 жылы қалмақтармен соғысында ерлігімен аты шыққан. 1726 жылы қалмақ ханы Сэрен Дондукке қарсы жорықтарда ерекше көзге түскен.  Еділ, Жем, Үстірт, Маңғыстау қалмақтарымен соғысып, жеңіске жеткен. Ол сонымен қатар белгілі би, шешен кісі болған. Халық аузында батыр туралы және батыр айтты деген көптеген қанатты сөздер сақталған. Атағозы Айтқұлұлы 1783-1797  жылдары болған Сырым Датұлы бастаған  ұлт-азаттық  көтерілісіне де  белсене араласқан. Бұл көтеріліс  негізінен Кіші жүз  халқының Әбілқайырұлы Нұралы ханға деген ашу-ызасының  кемерден  асып-төгілуі  салдарынан болған. 1785 жылы  шілде айында  жиналып  бас қосқан  Кіші  Жүз  қазақтарының  игі-жақсылары  Нұралы ханның  екіжүзділігін  айыптап,  сол кездегі  Ресей патшайымы ІІ – Екатеринаға  хат жазады. Сол талапхатқа  Кіші Жүздің  29 руынан  21  рудың өкілдері – барлығы 55 адамның  қатарында  Адай халқының  еркін  білдірген Атағозы Айтқұлұлы, Өмір Сүйікұлы, Шотан Назарұлы  батырлармен  бірге  Асан  би де қолдарын қойған тарихи құжат сақталған.

Атағозы кейінгі  ұрпақтарға  тек қана  батырлығымен емес, әділ билігімен де  танылып, артына  сөз мұрасын  қалдырған шешен адам болыпты. Ол  Маңғыстау  аймағындағы  қазақтарды басқарып,  сол кезеңдегі Кіші Жүздің  ханы Нұралының  қарауында  қызмет атқарған. Елден ханның түрлі  салығын  жинап тапсыруды бақылаған,  сонымен бірге  хан алдында елдің талап-тілектерін де  жеткізіп отырған.

Заманында бүкіл Маңғыстау өңірінің,  қалың Адай елінің  көреген көсемі,  сөз ұстаған  шешені атанған  Айтқұлұлы Атағозы батыр: «Қайткенде  топтан  торай шалдырмаймын,  елімді бөтен  жауға  алдырмаймын?» - деп артына  ұлағатты  сөз қалдырған,  жаугершілік заманда  туып, талай-талай  қиян-кескі ұрыстарды  басынан өткерген,  талай рет  шыбын жанды  шүберекке түйіп,  ел шетіне  жау келгенде  бойына бес  қаруын асынып  қол бастаған  хас батыр, Адай елінде: «Маңғыстаудың  қара ойынан Айладыр жұртын бостырған Айтқұл Атағозы  батырдың сұсы,  Жары Шотан батырдың  мысы, Құнанорыс Ылабақ палуанның күші, Ескелді Саназар байдың тіл таңбалы  күрең атының  тұяғының  ұшы» деген қанатты  сөз  мәтелге айналған. Осы сөз  тарихи шындық  мағынаға  иелік  ететіндігіме  ұрпақтан ұрпаққа  желі тартып  бүгінгі күндерге  сол күйінде жеткен. Дәрігер-ғалым, қоғам қайраткері Х. Досмұхамбетұлы өзінің “Аламан” атты жинағында оның есімін қазақтың атақты билері қатарында атайды. 

Жоспарда  тас қоршау шала өңделген тастардан төртбұрышты орташа биіктікте,  құлпытас тұтас тастан  жоғарғы бөлігі доға тәріздес, 4 қырлы етіп қашалып  шығарылған. Кейінгі жылдары тас қоршаудың сыртынан қоршай орнатқан жаңа сағанатамды қайта бұздыртып, тарихи ескерткішті сол қалпында қалдырған. Қазіргі таңда, Атақозы батырдың басына биіктігі аласа болып келетін, өңделген ақбор тастан қаланған қима-там орнатқан.  Жаңа үлгідегі темір қоршаумен қоршалып, жан-жақтарына жасыл-желек ағаштар отырғызылған. Сонымен қатар, қара түсті гранит тастан мемориалдық ескерткіш орнатылып, алдыңғы бетінде: «Тәуелсіздік үшін қалмақтармен күресте қол бастаған батыр, 1785 жылы орыс патшайымы Екатерина ханымға халқының талап-тілегін жеткізген белгілі би, Жайық бойы шаруаларының 1773 жылғы Ақ патшаға қарсы көтерілісі мен Сырым Датұлы басқарған 1783 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті жетекшісі» деген жазулар жазылған. 1994 жылы жергілікті дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынған. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді.  

Жарияланған күні: 31 қаңтар 2021: 15:26  Оқылған саны: 970




21 шілде 2021 Жарияланған уақытты: 14:23  

Бармақ некрополі

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Орталық Үстірттегі Бармақ құдығынан 400 метрдей қашықтықта жазық жерде орналасқан. ХІV – XVIғғ., XVIIIғ. аяғы –XXғ. басы кезеңіндегі ескерткіштер. Некропольде 100-ге жуық орта ғасырлық және жаңа заман ескерткіштері шоғырланған.


Толығырақ

12 шілде 2021 Жарияланған уақытты: 14:18  

Әліке Қанай некрополі

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданында Әліке-Қанай құдығының жанында орналасқан. ХІХғ соңы –ХХғ. басы кезеңін алатын ескерткіш. «Олжашы Жеменейдің айтулы байларының қатарында болған сақи Әліке атақты құдықшы Қараш Бенеубайға қаздырған екі


Толығырақ

13 маусым 2021 Жарияланған уақытты: 17:03  

Қосарқан қорымы

 Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт елді мекенінен 35 км батыс бағытта жазық жерде орналасқан. Қорымда XVIII ғ. аяғы – XX ғ. басы кезеңдерімен 50 шақты ескерткіштері сақталған. Олардың қатарында бірі саз былшықты қыш кірпіштерден сегіз қырлы етіп


Толығырақ

10 маусым 2021 Жарияланған уақытты: 16:00  

Әжімұрат (Мәмішқазған) күмбезтамы

Әжімұрат (Мәмішқазған) күмбезтамы

ХІХ ғасыр – ХХ ғасырдың басы Бейнеу ауданы, Тұрыш селосынан 12 км оңтүстік-батыс бағытта орналасқан.

Ескерткіш алғаш рет 2005 жылы қорық қызметкерлерінің іссапарында зерттелген. 2007 жылы


Толығырақ

8 маусым 2021 Жарияланған уақытты: 15:55  

Қызылқұлаш қорымы

ХІХ ғасыр-ХХ ғасырдың басы, Бейнеу ауданы Боранқұл селосынан 30 км оңтүстік бағытта орналасқан. Ескерткіш алғаш рет қорық қызметкерлерінің 2005 жылы сәуір айындағы іссапарында зерттелген. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қорымнан 1 күмбезтам есепке


Толығырақ

2 маусым 2021 Жарияланған уақытты: 15:45  

Борқұдық қорымы

Борқұдық қорымы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селоснан 40 км оңтүстік-батыс бағытта орналасқан. Қорым кіші дөңнің үстінде орналасқан. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қорымнан 56 ескерткіш мемлекеттік есепке алынған. Қорым


Толығырақ

14 мамыр 2021 Жарияланған уақытты: 15:36  

Сақау қорымы


Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт селосынан 53 км оңтүстік бағытта орналасқан. Қорымдағы күмбезтамның қабырғалары өңделген плиталармен қапталған, оңтүстік батысқа бағытталған төртбұрышты кіріс ойығының жоғарғы жағы


Толығырақ

30 сәуір 2021 Жарияланған уақытты: 15:06  

Иманбай күмбезтамы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Төлеп селосынан 25 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан. ХІХ ғасырдың басында қалыптасқан ескерткіш.

Күмбезтам жоспарда төртбұрышты, қабырға ортасы шала өңделген тастардан көлденеңінен қойыла қаланып,


Толығырақ

8 ақпан 2021 Жарияланған уақытты: 15:37  

Есен ата жерленген жер

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Бекі селосынан 5 км  оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Жетібай-Шетпе жолына жақын биіктеу келген ұзын төбеде орналасқан. Қорымның аумағына кіре-берісте дәстүрлі қағидаға сай дұғалық орын орналасқан. Ол


Толығырақ

31 қаңтар 2021 Жарияланған уақытты: 15:26  

Атақозы бейіті

Атақозы Айтқұлұлы бейіті Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосынан 18 км оңтүстік-батыс бағытта, Көне Бейнеудегі Бекет ата мешітінің солтүстігінде 2 км қашықтықта орналасқан.

 Атақозы Айтқұлұлы  (1704-1794) – Кіші


Толығырақ

5 қаңтар 2021 Жарияланған уақытты: 15:43  

Көбен жерасты мешіті

іЕскерткіш Жарма ауылының оңтүстік - шығысында 12 шақырым жерде Сауысқан құмының оңтүстігіне таман орналасқан. Мешіт осы аттас қауымға жақын жерде. Қауым 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басына жатады. Жерасты мешіті борлы әктастан ойылып жасалған.


Толығырақ

31 желтоқсан 2020 Жарияланған уақытты: 15:29  

Төлеген-әулие жерасты мешіті

Төлеген-әулие жерасты мешіті – Шайыр ауылынан 20 шм солтүстік-батыс бағытта орналасқан. Қаратау сілемдерінің батыс бөлігіндегі «Тасжол» деп аталатын айқаса орналасқан тау жотасының оңтүстік-шығыс жартасынан қашалған үңгір-кеуектегі мешіт


Толығырақ

17 желтоқсан 2020 Жарияланған уақытты: 15:21  

Махтум баба мешіті

Махтум баба мешіті ХIV-ХV ғғ. Форт-Шевченко қаласынан 25 км шығыс бағытта орналасқан. Шамамен 14-15 ғ.ғ-да салынған Махтум-баба мешіті орналасқан. Жоспарда мешіт үлкен және кіші бөлмелерден тұратын көп камералы құрылыс болып келген, әртүрлі бөлмелері


Толығырақ

3 желтоқсан 2020 Жарияланған уақытты: 17:11  

Бекет ата жер асты мешiтi

Бекет Мырзағұлұлы 1750–1813 жж. Маңғыстау, Үстiрiт, Атырау мекендеген Адай тегi қазақ халқының данасы. Туған жерi қазiргi Атырау облысы  Жылой ауданы Ақкиiзтоғай ауылы. Жас кезiнде қолына қару алып, көршiлес қалмақ, түркiмен тайпаларымен шайқасып, халқының


Толығырақ

26 қараша 2020 Жарияланған уақытты: 16:59  

Сұлтан үпі сайы, құдығы және жер асты мешіті

Сұлтан үпі жерасты мешіті – Каспий жағалауына жақын жердегi Ащымұрын мен Ойра аралығында, Форт-Шевченко қаласынан 57 км солтүстiк-шығыс бағытта орналасқан. Жердің тастақ қабатынан ойып жасалған жерасты мешiт бірнеше камералық бiр-бiрiне жалғасқан 11


Толығырақ

17 қараша 2020 Жарияланған уақытты: 16:54  

Қараман ата жерасты мешiтi және қорымы


Қараман ата жерасты мешiтi – Шетпеден 35 км жерде, Бекi елдi мекенiнiң батыс жағында орналасқан. Мешiт тау шатқалының төменгi қабатынан ойып жасалған, негiзiнен 3 бөлмеден тұрады. Жалпы көлемi 4 га жердi қамтиды. Бөлмелердiң ең биiгi


Толығырақ

11 қараша 2020 Жарияланған уақытты: 16:47  

Масат ата жерасты мешiтi


Масат ата жерасты мешiтi – Маңғыстау ауданы, Ұштаған ауылынан 20 км оңтүстiк-шығыста орналасқан. Зерттеулер нәтижесiнде, қауымнан 526-ға жуық ескерткiш есепке алынған. Қауымдағы алғашқы ескерткiштер шамамен, 14-18 ғғ. аралығын


Толығырақ

28 қазан 2020 Жарияланған уақытты: 16:36  

Шақпақ ата жерасты мешiтi және қорымы


Жерасты мешiттерiнің аса көркем үлгiсi болып табылатын Шақпақ ата мешiтi Түпқараған ауданы, Таушық елдi мекенiнен 30 км солтүстiк-батыс/бағытта Сарытас-Қошақ шығанағына таяу Оңғазы тауының етегiнде (Шилiқұдық


Толығырақ

15 қазан 2020 Жарияланған уақытты: 16:24  

Шопан ата жер асты мешіті және қорымы


Шопан ата жерасты мешiтi – Қарақия ауданында, Сенек елдi мекенінен 20 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Мешiт бiр-бiрiне қосылған 12 шағын бөлмелерден тұрады, ақборлы жартастың қабатынан ойылып жасалған. Алғашқы кезде бұл


Толығырақ

16 қаңтар 2019 Жарияланған уақытты: 15:59  

Сисем-ата қорымы

Сисем-ата қорымы – Маңғыстаудағы ең ірі және ежелгі қорымдардың бірі, Өтес селосынан 35 км солтүстік бағытта, батыс Үстірт шыңдары аймағындағы қыстау-құдықтар мен ежелгі керуен жолдары бойында орналасқан. Қорым туралы алғашқы деректер осы


Толығырақ

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28