Есен ата жерленген жер
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Бекі селосынан 5 км оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Жетібай-Шетпе жолына жақын биіктеу келген ұзын төбеде орналасқан. Қорымның аумағына кіре-берісте дәстүрлі қағидаға сай дұғалық орын орналасқан. Ол тас қаландыларымен қоршалған. Мұнда бір ескерткіш тас үйінді түрінде, әрі тік орнатылған ағаш бақанымен ерекшеленген, ал басқасы - созылған ұзын шарбақ ретінде орналасқан. Аңыз бойынша, осы жерде киелі күштің иесі болған Есен ата жерленген. Бүкіл зираттың аумағы ескі және жаңа бөлікке бөлінеді. Жерлеудің орнының ескі бөлігінде қойтас пен құлпытас, тас қалау мен қоршау түрінде қойылған. Қойтастар мен құлпытастардың көпшілігінің тегіс бедерлі күрделі өрнектермен ою суретімен де безендірілген. Мұнда алуан түрлі құлпытас пішіндері бар. Олар мұсылмандық дүниетанымының жергілікті сипатқа ие ерекшелігін көрсетеді. Зираттың жаңа замандық бөлігінде сағанатамдармен қатар жаңа құрылыстар салынып жатыр. Қорымда сағанатамдар, кiшi сәулет пiшiндерi топталған құлпытастар, қойтастар, тас қоршау ескерткіштер шоғыры орналасқан.
2004 ж. К. Канисова жетекшілік етуімен Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы экспедициясы зерттеген. Алғаш рет 05.10.2004 жылы Маңғыстау облыс әкімиятының №197 қаулысымен мемлекеттік қорғауға алынған. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі №279 қаулысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.
Нақты деректер жоқ, халық аузындағы аңыз бойынша қорымның батыс беткейінде 5 км қашықтықтағы Есен ата жерасты мешітімен Қараман ата жерасты мешітін байланыстыратын жолы бар болған делінеді. Ел аузындағы аңыз бойынша «Есен де Қараман ата сияқты Шопан-атаның баласы екен» делінеді. Шамамен XII-XIII ғасырлардың тарихи тұлғалары болар деп тұспалданатын Есен-ата Маңғыстауда ислам дінін таратушы мистик-суфистер орденінің өкілі болар деген де пікір бар, бірақ нақты тарихи дәлелдер жоқ. Ә. Кекілбаевтың кітабында Шопан ата мен Бекет атаға қатысты «шаңырақтан лақтырылған аса таяқтың артынан Маңғыстауға келу» оқиғасы осы Есен атаға да қатысты айтылады. Есен атаның жерленген орнына сырық ағашы жаншылған, жергілікті халықтың сиынатын әулиелі орны болып табылады. Есен-Атаның бейiтiне келiп зиярат етедi, мешiтiне барып түнейдi.
21 шілде 2021 Жарияланған уақытты: 14:23
Бармақ некрополі
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Орталық Үстірттегі Бармақ құдығынан 400 метрдей қашықтықта жазық жерде орналасқан. ХІV – XVIғғ., XVIIIғ. аяғы –XXғ. басы кезеңіндегі ескерткіштер. Некропольде 100-ге жуық орта ғасырлық және жаңа заман ескерткіштері шоғырланған.
Толығырақ
12 шілде 2021 Жарияланған уақытты: 14:18
Әліке Қанай некрополі
Толығырақ
13 маусым 2021 Жарияланған уақытты: 17:03
Қосарқан қорымы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт елді мекенінен 35 км батыс бағытта жазық жерде орналасқан. Қорымда XVIII ғ. аяғы – XX ғ. басы кезеңдерімен 50 шақты ескерткіштері сақталған. Олардың қатарында бірі саз былшықты қыш кірпіштерден сегіз қырлы етіп
Толығырақ
10 маусым 2021 Жарияланған уақытты: 16:00
Әжімұрат (Мәмішқазған) күмбезтамы
Әжімұрат (Мәмішқазған) күмбезтамы
ХІХ ғасыр – ХХ ғасырдың басы Бейнеу ауданы, Тұрыш селосынан 12 км оңтүстік-батыс бағытта орналасқан.
Ескерткіш алғаш рет 2005 жылы қорық қызметкерлерінің іссапарында зерттелген. 2007 жылы
Толығырақ
8 маусым 2021 Жарияланған уақытты: 15:55
Қызылқұлаш қорымы
ХІХ ғасыр-ХХ ғасырдың басы, Бейнеу ауданы Боранқұл селосынан 30 км оңтүстік бағытта орналасқан. Ескерткіш алғаш рет қорық қызметкерлерінің 2005 жылы сәуір айындағы іссапарында зерттелген. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қорымнан 1 күмбезтам есепке
Толығырақ
2 маусым 2021 Жарияланған уақытты: 15:45
Борқұдық қорымы
Борқұдық қорымы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селоснан 40 км оңтүстік-батыс бағытта орналасқан. Қорым кіші дөңнің үстінде орналасқан. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қорымнан 56 ескерткіш мемлекеттік есепке алынған. Қорым
Толығырақ
14 мамыр 2021 Жарияланған уақытты: 15:36
Сақау қорымы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт селосынан 53 км оңтүстік бағытта орналасқан. Қорымдағы күмбезтамның қабырғалары өңделген плиталармен қапталған, оңтүстік батысқа бағытталған төртбұрышты кіріс ойығының жоғарғы жағы
Толығырақ
30 сәуір 2021 Жарияланған уақытты: 15:06
Иманбай күмбезтамы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Төлеп селосынан 25 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан. ХІХ ғасырдың басында қалыптасқан ескерткіш.
Күмбезтам жоспарда төртбұрышты, қабырға ортасы шала өңделген тастардан көлденеңінен қойыла қаланып,
Толығырақ
8 ақпан 2021 Жарияланған уақытты: 15:37
Есен ата жерленген жер
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Бекі селосынан 5 км оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Жетібай-Шетпе жолына жақын биіктеу келген ұзын төбеде орналасқан. Қорымның аумағына кіре-берісте дәстүрлі қағидаға сай дұғалық орын орналасқан. Ол
Толығырақ
31 қаңтар 2021 Жарияланған уақытты: 15:26
Атақозы бейіті
Атақозы Айтқұлұлы бейіті Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосынан 18 км оңтүстік-батыс бағытта, Көне Бейнеудегі Бекет ата мешітінің солтүстігінде 2 км қашықтықта орналасқан.
Атақозы Айтқұлұлы (1704-1794) – Кіші
Толығырақ
5 қаңтар 2021 Жарияланған уақытты: 15:43
Көбен жерасты мешіті
іЕскерткіш Жарма ауылының оңтүстік - шығысында 12 шақырым жерде Сауысқан құмының оңтүстігіне таман орналасқан. Мешіт осы аттас қауымға жақын жерде. Қауым 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басына жатады. Жерасты мешіті борлы әктастан ойылып жасалған.
Толығырақ
31 желтоқсан 2020 Жарияланған уақытты: 15:29
Төлеген-әулие жерасты мешіті
Төлеген-әулие жерасты мешіті – Шайыр ауылынан 20 шм солтүстік-батыс бағытта орналасқан. Қаратау сілемдерінің батыс бөлігіндегі «Тасжол» деп аталатын айқаса орналасқан тау жотасының оңтүстік-шығыс жартасынан қашалған үңгір-кеуектегі мешіт
Толығырақ
17 желтоқсан 2020 Жарияланған уақытты: 15:21
Махтум баба мешіті
Махтум баба мешіті ХIV-ХV ғғ. Форт-Шевченко қаласынан 25 км шығыс бағытта орналасқан. Шамамен 14-15 ғ.ғ-да салынған Махтум-баба мешіті орналасқан. Жоспарда мешіт үлкен және кіші бөлмелерден тұратын көп камералы құрылыс болып келген, әртүрлі бөлмелері
Толығырақ
3 желтоқсан 2020 Жарияланған уақытты: 17:11
Бекет ата жер асты мешiтi
Бекет Мырзағұлұлы 1750–1813 жж. Маңғыстау, Үстiрiт, Атырау мекендеген Адай тегi қазақ халқының данасы. Туған жерi қазiргi Атырау облысы Жылой ауданы Ақкиiзтоғай ауылы. Жас кезiнде қолына қару алып, көршiлес қалмақ, түркiмен тайпаларымен шайқасып, халқының
Толығырақ
26 қараша 2020 Жарияланған уақытты: 16:59
Сұлтан үпі сайы, құдығы және жер асты мешіті
Сұлтан үпі жерасты мешіті – Каспий жағалауына жақын жердегi Ащымұрын мен Ойра аралығында, Форт-Шевченко қаласынан 57 км солтүстiк-шығыс бағытта орналасқан. Жердің тастақ қабатынан ойып жасалған жерасты мешiт бірнеше камералық бiр-бiрiне жалғасқан 11
Толығырақ
17 қараша 2020 Жарияланған уақытты: 16:54
Қараман ата жерасты мешiтi және қорымы
Қараман ата жерасты мешiтi – Шетпеден 35 км жерде, Бекi елдi мекенiнiң батыс жағында орналасқан. Мешiт тау шатқалының төменгi қабатынан ойып жасалған, негiзiнен 3 бөлмеден тұрады. Жалпы көлемi 4 га жердi қамтиды. Бөлмелердiң ең биiгi
Толығырақ
11 қараша 2020 Жарияланған уақытты: 16:47
Масат ата жерасты мешiтi
Масат ата жерасты мешiтi – Маңғыстау ауданы, Ұштаған ауылынан 20 км оңтүстiк-шығыста орналасқан. Зерттеулер нәтижесiнде, қауымнан 526-ға жуық ескерткiш есепке алынған. Қауымдағы алғашқы ескерткiштер шамамен, 14-18 ғғ. аралығын
Толығырақ
28 қазан 2020 Жарияланған уақытты: 16:36
Шақпақ ата жерасты мешiтi және қорымы
Жерасты мешiттерiнің аса көркем үлгiсi болып табылатын Шақпақ ата мешiтi Түпқараған ауданы, Таушық елдi мекенiнен 30 км солтүстiк-батыс/бағытта Сарытас-Қошақ шығанағына таяу Оңғазы тауының етегiнде (Шилiқұдық
Толығырақ
15 қазан 2020 Жарияланған уақытты: 16:24
Шопан ата жер асты мешіті және қорымы
Шопан ата жерасты мешiтi – Қарақия ауданында, Сенек елдi мекенінен 20 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Мешiт бiр-бiрiне қосылған 12 шағын бөлмелерден тұрады, ақборлы жартастың қабатынан ойылып жасалған. Алғашқы кезде бұл
Толығырақ
16 қаңтар 2019 Жарияланған уақытты: 15:59
Сисем-ата қорымы
Сисем-ата қорымы – Маңғыстаудағы ең ірі және ежелгі қорымдардың бірі, Өтес селосынан 35 км солтүстік бағытта, батыс Үстірт шыңдары аймағындағы қыстау-құдықтар мен ежелгі керуен жолдары бойында орналасқан. Қорым туралы алғашқы деректер осы
Толығырақ
Соңғы хабарлар
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023
"Тұлпар" жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды
 22 мамыр 2023
Қарақия ауданына қарасты орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылған жылжымалы көрме
 20 мамыр 2023
"Жылдың Үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы"✨✨✨
 20 мамыр 2023
21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні