Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары
Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығында, өңірдің тарихи-мәдени мұрасының құндылығы мен маңыздылығын бұзбай тарихи зерттеулерді тың қарқынмен қолға алуға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен шыққан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, 28 наурыз 2018 жыл, сағат:10-00 Серікбол Қондыбайұлының 50-жылдығына орай, «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» тақырыбында кездесу кеші болып өтті. Бұл кездесудің маңызды сипаты - жерлесіміз С.Қондыбай өмірі туралы, оның мол мұраларын, ғылыми еңбектері мен шығармаларын таныстырып, насихаттау. С.Қондыбай туралы түсінік қалыптастырып, туған түбегіміздің тұлғалары өмірін, шығармашылығын үлгі ету. Сондай-ақ Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары жайында Серікбол Қондыбайдың жазған тың деректерін көпшілікке, әсіресе өсіп келе жатырған қазағымыздың өскелең ұрпағына рухани қазына ретінде беру.
Міне, осыған орайбұл кездесу кешімізге арнайы құрметті қонақтар Сайын Назарбекұлы - ғалымның рухани ұстазы, ақын, сәулетші,Маңғыстау облысының Құрметті азаматы. Қазақстан Сәулетшілер Одағының және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі; Еділхан Алқажан Меделұлы - Маңғыстау тарихы, мәдени ескерткіштері, т.б. туралы көптеген зерттеу мақалаларының авторы, өлкетанушы,«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өңірлік сараптамалық кеңестің төрағасы; Тілекбаева Айнұр - С.Қондыбай атындағы №22 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі шақырылды. Сонымен қатар, осы іс шараға ертеңгі күннің ел тізгінін қолына ұстар жастар,Маңғыстау туризм колледжінің білімгерлері келіп қатысты. Бұл кездесу кештің барысында Сайын Назарбекұлы, Еділхан Алқажан ағаларымыз Тілекбаева Айнұр апайымыз Серікбол Қондыбай жайында біз білмейтін тың деректер, естеліктер айтып кездесуге келген жас өрендермен бөлісті.
Серікбол Қондыбай (1968-2004) – ғұмырының жартысын қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-санасын жаңғыртуға арнап, сүбелі үлес қосқан және түбегейлі зерттеуде зор еңбек еткен қазақтың өлкетанушы, географ, публицист, этнограф-ғалымы.
1991 жылы Қазақ ұлттық университетін бітіріп, 1991–1997 жылдар аралығында Маңғыстау, Үстірт мұражай-қорығында, облыстық экология және биоресурстар басқармасында қызметкер, орта мектепте мұғалім, өлкетану, туризм, ландшафт эстетикасы мәселелері саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар байырғы қазақ шежіресі мен әфсана аңыздары, географиясы тұрғысында мағлұматтар жинастырып, бірнеше кітап жазған ғалым. Ғалымның «Маңғыстау географиясы», «Қазақ мифологиясына кіріспе» (1997), «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» (2000), «Есен-қазақ» (2002), «Гиперборея: түс көрген заман шежіресі» (2003), «Арғықазақ мифологиясы» (2004), «Эстетика ландшафтов Мангистау» (2005), «Маңғыстаунама» (2006), «Қазақ даласы және герман тәңірлері» (2006), «Жауынгерлік рух кітабы» (2006) сынды зерттеу еңбектері бар. Бүгінгі таңда ғалымның соңында қалған мол қоры, қолжазбалық материалдар зерттелу үстінде. Аз ғана жасаған ғұмырында қыруар іс тындыра алған осы бір ғажайып жан 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған мерекелік медальмен, 2004 жылы Президенттік сыйлықпен марапатталды. Ұлы тұлғаның құрметіне Ақтау қаласының №22 орта мектебі Серікбол Қондыбай атымен аталынса, 2015 жылдың 14 қазан күні Шетпе ауылында «Мемориалдық мұражайы» ашылды.
Арамыздан ерте кеткен талантты ғалым Серікбол Қондыбай – ұлттық руханиятымыздағы аса сирек құбылыс. Отандық ғылым үшін жемісті болар жаңа бағыт бастап берді. Ол қалдырған мұраның деректік, пайымдамалық құндылықтары мен мәнділіктерін зерделеу - осы заманғы ұлттанудың қалыптасуы мен кемелденуіне оң ықпал етері сөзсіз.
Яриханова Айман Керліқұлқызы
Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығы бөлім меңгеруші
1 сәуір 2025
Маңғыстаудың орта ғасырлық кіші пішінді сәулет ескерткіштері туралы
24 наурыз 2023
МАҢҒЫСТАУДЫҢ ҚАСИЕТТІ НЫСАНДАРЫ
2 сәуір 2021
Шежірелі Шерқала
5 наурыз 2021
Сүйінқара Үргенішбайұлы
5 наурыз 2021
Маңғыстаудағы Бекет ата мешіттері
18 сәуір 2020
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні
6 ақпан 2020
АЛТЫНҚАЗҒАН КЕШЕНІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
17 қаңтар 2019
Дәстүрлі дін: ата-баба жолымен
17 қаңтар 2019
Қошқартас
17 қаңтар 2019
Асыл көзі
17 қаңтар 2019
Тарихи-мәдени мұрамызға мұқият болайық
9 қаңтар 2019
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстаудың қасиетті нысандары толықтырылды
9 қаңтар 2019
Қаңға жеріндегі Махтум-баба мешіті
31 қазан 2018
Тобықты жеріндегі Бекет-ата жерасты мешіті, XVIII-XIX ғғ.
23 қазан 2018
Махтум баба мешіті
23 қазан 2018
Қыз-әулие - киелі орындар тізіміне енгізілді
23 қазан 2018
Шерғазы сұлтанды Хан атағына ұлықтау және салтанатқа қатысқан кейбір тарихи тұлғалар туралы
23 қазан 2018
Облыс аумағынан жаңа тарихи-мәдени мұралар анықталды!
22 қазан 2018
Маңғыстау ескерткіштері киелі орындар тізіміне енгізілді
22 қазан 2018
Маңғыстаудан шыққан Құлбарақ батыр
22 қазан 2018
Дін және дәстүр
26 қыркүйек 2018
Маңғаз Маңғыстау, ажарлы Ақтау!
31 шілде 2018
Маңғыстаудың – қасиетті рухани құндылықтары
2 шілде 2018
Асқақтай бер – Астана!
Соңғы хабарлар
 26 наурыз 2025
"ОТ КИЕСІ" жылжымалы көрмесі және "МАҢҒЫСТАУ ЕСКЕРТКІШТЕРІ" тұрақты көрмесі бойынша экскурсия
 18 наурыз 2025
18 наурыз "ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ" құтты болсын!!!
 17 наурыз 2025
Жылжымалы көрмелермен экскурсия
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023