Тарихи-мәдени мұрамызға мұқият болайық
«Тарихи-мәдени мұрамызға мұқият болайық»
“Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығы” 1980 жылы негiзiн қалады. Бүгiнгi таңда мемлекеттiк қорғауға 449 тарихи-мәдени ескерткіш қабылданған. Оның ішінде көпшілігі археологиялық ескерткіштер тобы 253, 196 сәулет ескерткіштер құрайды. 13 мыңнан астам бөлек ескерткiштер есепке алынған. Оның iшiнде Республикалық дәрежеде қорғауға алынған ескерткiштер саны 21. Маңғыстаудың тарихи-мәдени мұраларын анықтау, есепке алу, зерттеу және насихаттау жөнiндегi жұмыстары нәтижелерiнде молынан жинақталған ғылыми – анықтама мәлiметтер қорықтың қорында сақталған. Қорықта ескерткiштердi есепке алу, археология, сәулет, экскурсия-көпшiлiк, қор бөлiмдерi жұмыс жасайды. Қорық жұмысының негiзгi мақсаты: археологиялық қазба жұмыстарын жүргiзу, ескерткiштердi қорғау, сақтау, есепке алу, ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргiзу болып табылады.
Маңғыстау облысы – тарихи-мәдени мұраларға барынша бай өлке. Және де
ол бiраз жылдар бойы Қазақстанның археологиялық картасында ақ таңдақ
күйiнде келдi. Дегенмен соңғы жылдары өткiзiлген қазба жұмыстарының
нәтежелерi, ғылыми әлемде сенсация жасап, Қазақстан тарихының белгiсiз
парақтарын ашты. Маңғыстаудың ғажайып археология ескерткiштерiнiң бiрi,
атап айтқанда, тас ғасыры дәуiрiне жататын Қосқұдық 1,2 елдi – мекенi
мен Үлкенқұдық жерлеу рәсiмi, қола дәуiрiнiң кезеңдерiне жататын Түбежiк
1,2, Сақақұдық, Ақтау, Дықылтас, Үлкенқұдық дiни-қабiрлеу кешендерiнде
бағзы замандағы адамдардың дүниенiң жаратылуы, өмiр мен өлiм адамның
жаны мен тәнi туралы түсiнiктерi нышанды түрде айқындалған. Темiр дәуiрi
деп саналатын Бәйте, Меретсай, Сырлытам және Тасбас ғибадатханасы т.б.
Орта ғасырлық кезеңдегi Қызылқала, Керуен-сарай, Ұлы Жiбек жолдарының
тармақтары сақталған. Яғни алғашқы адамдардың тыныс- тiршiлiгiн өз
басымыздан өткерiп көруiмен табиғи дүниенiң iске жарамдылығын ұғынасың.
Маңғыстау облысының тарихын археологиялық және этникалық зерттеулерді
жаңа бір сатыға көтеріп, ғалымдарға өлке тарихын терең, әрі жан-жақты
зерттеуді жоғары технологиялар мен құрал-жабдықтардың көмегімен әлемдік
деңгейдегі зертханалармен ынтымақтаса жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.
Тарихи-археологиялық зерттеулерді тың қарқынмен қолға алуға мемлекеттік
«Мәдени мұра» бағдарламасының маңызы зор. Өңірдің тарихи-мәдени
мұрасының құндылығы мен маңыздылығы оның тарихи-географиялық
бірегейлігімен анықталады. Ерекше табиғаты бар өлке Каспий-Арал
аралығында этикалық және мәдени қауымдастықтарды екі ұлы
әлемнің-оңтүстік жер өлшеуіші орталықтары мен көшпелі өркениеттің
ортасындағы телқоңырдай болып қалыптасуына ықпал етті. Археологиялық
ескерткіштердің аса мол шоғырлануы мен оларда сақталып қалған ақпараттың
сапалылығы табиғи құрылыс материалы әк-ұлутастарды кеңінен қолдануға
мүмкіндік берген геологиялық жағдайдың бірегейлігінің арқасында. Терең
тамыры сонау тас дәуіріне дейін үзілмей алып баратын өзіндік
Маңғыстаулық архитектуралық дәстүрдің қалыптасуы мен уақыт өткен сайын
дами беруіне осы кен орындарын игеру себеп болды деген болжам бар. Осы
өңірдегі адамзат тарихының алғашқы кезеңі-тас дәуірін зерттеу-келешектің
ісі. Көне тас дәуіріне тән шеберханалар орнының шоғырланып жатуы бұл
өңірден уақыт өте келе адамзаттың ата-бабасының қазбалы түрлерінің
қалдықтарының табылуына септігін тигізуі де ықтимал.
Келер ұрпаққа
қандай тарихи-мәдени мұра қалдыратынымыз –тарихшылар, археологтар,
этнологтарды ғана емес, саясаткерлерді де, іскер адамдарды да т.б.
толғандыратын маңызды жайт.
Кейінгі кезде Маңғыстау өңіріндегі ұлы
даланың тарихын жаңа бетін ашамыз деген дақпыртпен қаншама баға жетпес
ескерткіш тас-талқан болып қазылып, қазіргі күні аяқ асты болып бара
жатыр. Қолдарында металл іздеуші құралдары болса, ол археологтар
емес. Арнайы алтын іздеп жүргендер Қара археологогтар, нағыз
археологтар ондай құралмен зерттеу жұмыстарын жүргізбейді.
Ескерткіштерді жаппай қазу, қорғандарды аударып-төңкеріп, бульдозермен
тегістеп кеткен кездеріде болды Кеңес үкіметі кезінде. Маңғыстау
өлкемізде осы күнге дейін сақталған археологиялық ескерткіштердің
көпшілігі біздің ата-бабаларымыз жерленген қорымдар. Археологтардың
тарапынан жаппай қазу, біздің ескерткіштеріміздің қадірін білмейтін
бөгде этнос өкілдерінің көптеп енуі қазақ деген елдің көне дәуірдің
ескерткішіне деген сакральді көзқарасын өзгертіп жіберді. Бұрын
қорған-обаның жанынан дұға оқымай, ақ байламай өтпейтін қазақ енді оның
тасын алып өзінің қорасына пайдалана бастады. Тас балбалдарды трактормен
сүйретіп жүргендер пайда болды. Қазіргі таңдағы басты өзекті мәселе,
археологиялық ескерткіштерімізді бас пайдасын көздеген қара
археологтардан қорғау, осындай іс-әрекеттерді болдырмауға тырысайық. Осы
күндер мемлекеттік қорғауда тұрған тарихи-мәдени ескерткіштерінің
қорғау аймағында қорғалатын ландшафт және бақыланатын құрылыс аумағында
ескерткіштерді қорғайтын тиісті органдардың рұқсатынсыз жаңадан
нысандар бой көтеруде. Олар түнеуханалар, адамды жерлеу, басына там
салу, белгі қою, жаңарту жұмыстары жүріп жатады. Осындай іс-
әрекеттер ескерткіштің жалпы көрінісі мен бастапқы келбетіне нұқсан
келтіреді. Сәулет үлгідегі тарихи-мәдени құнды мұраларымызды көздің
қарашығындай сақтауға ат салысайық. Дүниежүзілік мәдениет аясында
бірегей тарихи мұрасы бар осы өлкенің өз ерекшелігін сақтайық ағайын.
Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының директоры Құлбаев Нұрлан А.
1 сәуір 2025
Маңғыстаудың орта ғасырлық кіші пішінді сәулет ескерткіштері туралы
24 наурыз 2023
МАҢҒЫСТАУДЫҢ ҚАСИЕТТІ НЫСАНДАРЫ
2 сәуір 2021
Шежірелі Шерқала
5 наурыз 2021
Сүйінқара Үргенішбайұлы
5 наурыз 2021
Маңғыстаудағы Бекет ата мешіттері
18 сәуір 2020
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні
6 ақпан 2020
АЛТЫНҚАЗҒАН КЕШЕНІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
17 қаңтар 2019
Дәстүрлі дін: ата-баба жолымен
17 қаңтар 2019
Қошқартас
17 қаңтар 2019
Асыл көзі
17 қаңтар 2019
Тарихи-мәдени мұрамызға мұқият болайық
9 қаңтар 2019
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстаудың қасиетті нысандары толықтырылды
9 қаңтар 2019
Қаңға жеріндегі Махтум-баба мешіті
31 қазан 2018
Тобықты жеріндегі Бекет-ата жерасты мешіті, XVIII-XIX ғғ.
23 қазан 2018
Махтум баба мешіті
23 қазан 2018
Қыз-әулие - киелі орындар тізіміне енгізілді
23 қазан 2018
Шерғазы сұлтанды Хан атағына ұлықтау және салтанатқа қатысқан кейбір тарихи тұлғалар туралы
23 қазан 2018
Облыс аумағынан жаңа тарихи-мәдени мұралар анықталды!
22 қазан 2018
Маңғыстау ескерткіштері киелі орындар тізіміне енгізілді
22 қазан 2018
Маңғыстаудан шыққан Құлбарақ батыр
22 қазан 2018
Дін және дәстүр
26 қыркүйек 2018
Маңғаз Маңғыстау, ажарлы Ақтау!
31 шілде 2018
Маңғыстаудың – қасиетті рухани құндылықтары
2 шілде 2018
Асқақтай бер – Астана!
Соңғы хабарлар
 26 наурыз 2025
"ОТ КИЕСІ" жылжымалы көрмесі және "МАҢҒЫСТАУ ЕСКЕРТКІШТЕРІ" тұрақты көрмесі бойынша экскурсия
 18 наурыз 2025
18 наурыз "ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ" құтты болсын!!!
 17 наурыз 2025
Жылжымалы көрмелермен экскурсия
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023