«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстаудың қасиетті нысандары толықтырылды
«ӘРБІР ХАЛЫҚТЫҢ, ӘРБІР ӨРКЕНИЕТТІҢ БАРШАҒА ОРТАҚ ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕРІ БОЛАДЫ, ОНЫ СОЛ ХАЛЫҚТЫҢ ӘРБІР АЗАМАТЫ БІЛЕДІ. БҰЛ – РУХАНИ ДӘСТҮРДІҢ БАСТЫ НЕГІЗДЕРІНІҢ БІРІ»
Н.Ә.НАЗАРБАЕВ
Биыл «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясының Батыс өңірлеріне арналған 2-томына өлкеден тағы да 36 нысан енгізілді. Олардың қатарында Айдар-ишан, Бүркіт-ата, Айназар-ата, Саназар-әулие, Аманбай-ата, Төлеген-әулие тәрізді өлкенің діни-ғибадат ету нысандары, ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері Қарақия ойпаты, Жығылған, Торыш жерлері, Амантұрлы, Қармыс, Төремұрат батырлардың кесенелері, облыс орталығындағы Тобанияз Әлниязұлы мен Жалау Мыңбайұлы ескерткіштері, сондай-ақ тарихи тұлғалар ретінде Адайдың бес жүйрігі саналатын Абыл, Нұрым, Ақтан, Қашаған және Аралбай ақындарымыз да бар.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өткен жылы алғашқы кітапқа облыстан 15 жалпыұлттық маңызы бар және 28 өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар енгізілген еді. Осыған байланысты, Астана қаласында «Батыс жауһарлары» атты көрмеге «Маңғыстау – ашық аспан астындағы мұражай», «Сисем ата қорымы – Маңғыстаудың сәулет мұрасының ескерткіші», «Ортағасырлық Қызылқала қалашығы» жылжымалы көрмелері ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды. Жас ұрпақтың санасын жаңғырту мақсатында тарихи-мәдени қорықта «Маңғыстаудың қасиетті нысандары» тақырыбында мектеп оқушылары мен студенттерге арналған жаңа жылжымалы көрме жасақталды және макросакралдық маңызы бар қасиетті орындар тізіміне енген Маңғыстау батырлары жайында танымдық буклеттер дайындалды. Алдағы уақытта, өлкенің қасиетті нысандарын насихаттау бағытында бейнероликтер дайындау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Сонымен қатар, биылғы атқарылған негізгі жұмыстардың бірі - осы қасиетті нысандарымыздың интерактивті картасы жасақталды, mangystau.inmap.kz сайтына кіріп, киелі орындардың деректер базасы мен фотогалереясын, 3D панорамалы түсірілімдерімен танысуға шақырамын. Бұған қоса, интернет байланысы бар жерде орналасқан 20 тарихи ескерткішке кюр-код логотипті тақташалары орнатылды және кюр-код мобильдік қосымша бағдарламасы жасақталды. Ескерткішке келуші кюр-код бағдарламасы арқылы ұялы телефонмен объект басында экскурсовод қызметінсіз, ескерткішке қатысты ақпаратты сол жерде-ақ ала алады. Ал мобильдік қосымша қасиетті нысандарды насихаттаудың тиімді заманауи әдісі болып табылады, кез-келген андроид және айфон қолданушысы PlayМаркет немесе AppStorе қосымшаларынан «QR-MANGYSTAU» мобильдік қосымшасын жүктеу арқылы киелі орындар туралы мәліметке қол жеткізе алады. Жүктелген мобильдік қосымша интернет жоқ жерде де жұмыс жасай береді. Әрине, бұл жоба ретінде бастама жұмыстар, алдағы уақытта қаржы болса облыстың барлық қасиетті нысандарын осы мобильдік қосымшаға енгізуді жоспарланып отыр.
Енді осы киелі орындарымызға келушілерге жағдай жасау мақсатында ғылыми-реставрациялау жұмыстарының бір түрі бейімдеу - тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи, көркемдік құндылығына және сақталуына нұқсан келтірмей, оның қазіргі заманға сай пайдаланылуы үшін шаралар, абаттандыру-көркейту жұмыстарын (ландшафтық дизайнмен жүргіншілерге арналған шағын жолдар мен дем алатын беседкалар жасау, киелі орында жүру тәртібі жазылған тақтайшалар орнату, дәретханалар салу, қоқыс салатын контейнерлер орнату, т.б.) жүзеге асыру қажет.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын және тариxи сананы жаңғыртуға бастайтын «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласын жариялауы еліміздегі маңызды оқиғалардың бірі болды. Рухани жаңғыру арқылы ұлттық кодымызды сақтай отырып, әлемге өзімізді таныта білсек, «Ұлы даланың жеті қыры» арқылы ұлт тариxының бастаулары, Ұлы Дала өркениеті, түркі әлемінің генезисі, түркілердің адамзат тариxына қосқан сүбелі үлесі сияқты маңызды тақырыптармен бірге оларды жүзеге асырудың да нақты жолдары көрсетілген. Мақаладағы бүгінгі жаһандану жағдайында ұлттың бірегейлігін сақтау барысында халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тарихын танып, әрі ашылмаған қырларын зерттеуге шақырады. Маңғыстаудағы әрбір жаңадан ашылған ескерткіш Қазақстанның ғана емес, адамзат тарихында да маңызды орын алады, яғни Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, мамандармен бірлесе отырып, бірқатар жұмыстар жоспарланды. Мысалы, мақаланың Ұлы даладағы ежелгі металлургия бағыты бойынша Қарақабақ (3-5 ғғ.) және Қызылқала (10-13 ғғ.) қалашықтарына қазба жұмыстарын жүргізу қажет, соңғы деректер бойынша бұл қалашықтарда метал өңдеу белгілері кездеседі, бұл өз кезегінде бұл қалалар Қаратау бойындағы рудаларды өндіру орталығы болуы мүмкін, Маңғыстаудың темір кен орындарын игеру тарихын туралы зерттеу қажет. Мысалы, Қызылқалада зергерлік шеберхананың болғаны туралы археологиялық айғақтар бар. Археологтар қола және күмістен құйылып жасалған ұсақ бұйымдар, зергерлік әшекейлерді құюға арналған тас пішіндердің сынықтары, сәндік бұйымдарға алтын жалатуда қолданатын алтын мен сынап қоспасын тасымалдауға арналған қыш ыдыс тапқан болатын. Сондай-ақ, жергілікті шыны ыдыстарының өндірісі болған деп болжанады. Мыс пен жезді өңдеу тәрізді аса күрделі кәсіп те өркендеген.
Мақалада айтылғандай, орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұланғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты. Маңғыстаудың географиялық ерекшелігіне байланысты Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы Орта Азия, Шығыс Еуропа, Кавказ елдері арасындағы теңіз және құрлық сауда байланыстары тарихын бір арнаға тоғыстырған. ерте ортағасырлық кезеңдерде батысқа қарай жаппай көшкен ерте түрік қағанаттарының мемлекеттік құрылуы жүргендігін ескере отырып, Арал-Каспий аралығы әсіресе, Маңғышлақ түбегі бұл оқиғалардан шетте қалды дегенге сену қиын. Солай бола тұра бұл жерде ерте түріктермен байланысты болуы мүмкін ескерткіштер әлі де белгісіз. Осы орайда, мақаланың Түркі әлемінің алтын бесігі бағыты бойынша Маңғыстау жерінде мекен еткен оғыз тайпаларының таңбалары мен жазу ескерткіштерін зерттеу қажет.
Мақаланың Аң стилі бағыты бойынша Аң стиліне қатысты б.з. III-V ғғ. белгіленетін Алтынқазған діни-қабірлеу кешеніне археологиялық зерттеулер қорытындысы бойынша табылған ғұн заманының ер тоқымынын қалпына келтіру көрме жасақтау. Ғұн бейнесінің қымбат ат әбзелдерін сыйға тартуы қабірлеу кешеніндегі жерлеу салтының жоғары деңгейін көрсетеді. Бұл ескерткіштің анықталуы Маңғыстау аймағы үшін Халықтардың Ұлы көші дәуірі тарихының жаңа, бұрын белгісіз парақтарын ашқандай.
Сонымен қатар, бай тарихымызды түгендеп, өткенімізді жаңғыртып, өшкенімізді қайта жағу жолында мақаладан шығатын «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасының маңызы айтпасада белгілі. Елбасымыз айтқандай, өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатқан бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжаттар, ұлтымыздың ұлылығын дәлелдейтін деректер мен тарихи тың материалдардың архивтерде екені белгілі. Сондықтан елбасы ұсынған ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасы аясында мұрағаттық-библиографиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Мысалы, Орынбор, Санкт-Петербург, Мәскеу, Астрахань, Тбилиси қалаларына, немесе жақында ғана облыс әкімдігінің Өзбекстанға барған іссапары нәтижесінде екі елдің арасындағы мәдени-гуманитарлық бағытында ұзақ мерзімді әріптестікті орнату бойынша жасалған Меморандумға байланысты Өзбекстан-Қарақалпақстанның Хиуа, Самарқанд бағыттарына, Әзірбайжан, Грузия және т.б. бағыттарда архивтік-библиографиялық зерттеулерді жоспарлау қажет.
Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының бөлім меңгерушісі
Нұрсәуле Дауымшарова
24 наурыз 2023
МАҢҒЫСТАУДЫҢ ҚАСИЕТТІ НЫСАНДАРЫ
2 сәуір 2021
Шежірелі Шерқала
5 наурыз 2021
Сүйінқара Үргенішбайұлы
5 наурыз 2021
Маңғыстаудағы Бекет ата мешіттері
18 сәуір 2020
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні
6 ақпан 2020
АЛТЫНҚАЗҒАН КЕШЕНІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
17 қаңтар 2019
Дәстүрлі дін: ата-баба жолымен
17 қаңтар 2019
Қошқартас
17 қаңтар 2019
Асыл көзі
17 қаңтар 2019
Тарихи-мәдени мұрамызға мұқият болайық
9 қаңтар 2019
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстаудың қасиетті нысандары толықтырылды
9 қаңтар 2019
Қаңға жеріндегі Махтум-баба мешіті
31 қазан 2018
Тобықты жеріндегі Бекет-ата жерасты мешіті, XVIII-XIX ғғ.
23 қазан 2018
Махтум баба мешіті
23 қазан 2018
Қыз-әулие - киелі орындар тізіміне енгізілді
23 қазан 2018
Шерғазы сұлтанды Хан атағына ұлықтау және салтанатқа қатысқан кейбір тарихи тұлғалар туралы
23 қазан 2018
Облыс аумағынан жаңа тарихи-мәдени мұралар анықталды!
22 қазан 2018
Маңғыстау ескерткіштері киелі орындар тізіміне енгізілді
22 қазан 2018
Маңғыстаудан шыққан Құлбарақ батыр
22 қазан 2018
Дін және дәстүр
26 қыркүйек 2018
Маңғаз Маңғыстау, ажарлы Ақтау!
31 шілде 2018
Маңғыстаудың – қасиетті рухани құндылықтары
2 шілде 2018
Асқақтай бер – Астана!
4 сәуір 2018
Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары
Соңғы хабарлар
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023
"Тұлпар" жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды
 22 мамыр 2023
Қарақия ауданына қарасты орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылған жылжымалы көрме
 20 мамыр 2023
"Жылдың Үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы"✨✨✨
 20 мамыр 2023