18 сәуір – Ескерткіштерді қорғау күні
18 сәуір – Ескерткіштерді қорғау күні. Биыл 27 жыл толып отырған бұл кәсiби мерекенi қорық ұжымы ерекше атап өтпек. Адам қолы мен жасалған баға жетпес туындылар өлкемiздiң әр түкпiрiнде шашырап орналасқан. Шынын айтсақ, олардың кейбiрiн әр адам бiледi, ендi бiрiнен мүлде хабарсыз.
Өлкемiздегi санғасырлық тарихымен, әлемде еш ұқсастығы жоқ ерекшелiктерiмен қайталанбас, республикамыздың үштен бiр бөлiгiн құрайтын тарихи-мәдени ескерткiштерiмiздi қорғау және сақтап қалу мақсатында 1980 жылы Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығы құрылған.
“Маңғаз даладағы мұражай” сынды тамаша тiркестер теңелген Маңғыстаудың әрбiр бедерi, ғажайып таулы тасы ақиқатты аңызға толы әр ескерткiшiнiң орны ерекше. Әрине, осындай қасиеттi мекенiмiздегi мәдени мұраларымызды қорғау, сақтау әрқайсысымыздың мiндетiмiз болып саналады. Республикамыздағы алғаш құрылған, 167 мың шаршы шақырымда орналасқан барлық ескерткiштердi қамтитын қорық мекемесiнiң де басты мiндетi осы болып отыр.
Бүгiнде тарихи-мәдени қорықта ескерткiштердi есепке алу және қорғау, археология, сәулет бөлiмдерiмен қатар, ағарту, насихаттау жұмыстарымен айналысатын экскурсия-көпшiлiк бөлiмi, сондай-ақ ескерткiштердiң құжаттары, құнды деркетер, бағалы кiтаптар, т.б. экспоноттар сақталатын қор бөлiмi жұмыс жасайды.
Баршамызға мәлiм “Мәдени мұра” бағдарламасы аясында, қорық жұмысы күн санап күрделенуде. Бүкiл қазақтың мақтан тұтар мұраларын қорғау мен сақтау, қалпына келтiру жолында қорық қызметкерлерi аянбай еңбек етуде. Қорық археологиялық барлау және белгiсiз ескерткiштердi анықтау, ескерткiштердiң техникалық жағдайын тексеру, есеп құжаттарын жасақтау, археологиялық қазба жұмыстарын және ғылыми зерттеулер өткiзу мақсаттарында экспедициялар мен iссапарлар өткiзедi. Экспедиция мәлiметтерi ғылыми сараптамадан өткiзiлiп, ескерткiштердiң құжаттары жасақталып, қорға тапсырылады.
Қазiргi кезде қорықтың қор бөлiмiнде 66 мыңнан астам бiрлiктер сақталған. Олар ескерткiштердiң құжаттары, археологиялық құндылықтар, этнографиялық зерттеулер, аудио-видео таспалар, т.б. Маңғыстау мұраларын насихаттау мақсатында “Маңғыстаудың киелi орындары”, “Маңғыстау мұралары”, “От киесi” атты тұрақты және жылжымалы көрмелер жасақталған.
“Ел болам десең бесiгiңдi түзе” демейме, насихаттау жұмыстары облысымыздағы мектеп оқушыларынан басталып, оқу орындары студенттерi және т.б. жеке адамдар арасында жүргiзiледi. Дәлiрек айтсақ, осы жылдың алғашқы тоқсаны бойынша 2 мыңнан аса адам қамтылды.
Жылдың төрт мезгiлiнiң көгiлдiр көктемiнiң жадыраған бiр күнi ғана белгiленген осы мерекемен қатар, яғни көктем шыға қорықтың да дала жұмыстары басталып кеттi. Iссапарлар қазан-қараша айларына дейiн жалғасады. Бүгiнгi күнi облыс көлемiнде 195 ескерткiш мемлекет қорғауына алынып, 13 мыңнан астам нысана зерттелiп, құжаттары жасақталған.
Облыс әкiмiнiң қаулысына орай (30.06.2006 ж. №221) ескерткiштердi қамқорлығына алған мекемелермен байланыс жасалып, бiрқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, “Қарақұдықмұнай” мекемесi Уәлi, Қосмола қорымдарына жол сiлтегiш, қорғау тақталарын, сондай-ақ, “КазНИПИмұнайгаз” мекемелерi Тамшалы сайына қоршау орнату жұмыстарын жүргiздi.
Алдағы уақытта үстiмiздегi жылдың қыркүйек айында “Арал-Каспий аймағының тарихи-сәулет мұралары” тақырыбында Қазақстан және шетел мамандарының қатысуымен ғылыми-практикалық конференция жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 2008 жылы қасиеттi Маңғыстау өңiрiндегi 17 шағын ауданнан “Ашық аспан астындағы мұражай” құрылысы басталады. Ол өлкемiздiң орталығындағы түбегiмiздiң тарих қойнауына саяхат жасайтын, мәдени мұраларымызбен жұртты таңдандыра, мақтана алатынымызды сезiну үшiн маңызды орта болмақ. Қазiр оның жобалау құжаттары, эскизды макетi, тақырыпты-жүйелi жоспары жасақталуда. Маңғыстаудың ескерткiштерiмен қатар, табиғаты да көпшiлiктiң қызығушылығын туғызып отырғаны белгiлi. Осы орайда туристiк-экскурсиялық мүмкiндiк те зор.
Құрметтi жерлестер, киелi жерiмiздiң байлығы ортақ, сондықтан да мереке құтты болсын. Лайым iсiмiз алға басып, ескерткiштерiмiз ескiрмей, мәдени мұраларымыз жаңара бергей!
Жазира Мыңбаева Бiкiрбайқызы
Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорықтың "Қор" бөлiмiнiң меңгерушiсi
24 наурыз 2023
МАҢҒЫСТАУДЫҢ ҚАСИЕТТІ НЫСАНДАРЫ
2 сәуір 2021
Шежірелі Шерқала
5 наурыз 2021
Сүйінқара Үргенішбайұлы
5 наурыз 2021
Маңғыстаудағы Бекет ата мешіттері
18 сәуір 2020
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні
6 ақпан 2020
АЛТЫНҚАЗҒАН КЕШЕНІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
17 қаңтар 2019
Дәстүрлі дін: ата-баба жолымен
17 қаңтар 2019
Қошқартас
17 қаңтар 2019
Асыл көзі
17 қаңтар 2019
Тарихи-мәдени мұрамызға мұқият болайық
9 қаңтар 2019
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстаудың қасиетті нысандары толықтырылды
9 қаңтар 2019
Қаңға жеріндегі Махтум-баба мешіті
31 қазан 2018
Тобықты жеріндегі Бекет-ата жерасты мешіті, XVIII-XIX ғғ.
23 қазан 2018
Махтум баба мешіті
23 қазан 2018
Қыз-әулие - киелі орындар тізіміне енгізілді
23 қазан 2018
Шерғазы сұлтанды Хан атағына ұлықтау және салтанатқа қатысқан кейбір тарихи тұлғалар туралы
23 қазан 2018
Облыс аумағынан жаңа тарихи-мәдени мұралар анықталды!
22 қазан 2018
Маңғыстау ескерткіштері киелі орындар тізіміне енгізілді
22 қазан 2018
Маңғыстаудан шыққан Құлбарақ батыр
22 қазан 2018
Дін және дәстүр
26 қыркүйек 2018
Маңғаз Маңғыстау, ажарлы Ақтау!
31 шілде 2018
Маңғыстаудың – қасиетті рухани құндылықтары
2 шілде 2018
Асқақтай бер – Астана!
4 сәуір 2018
Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары
Соңғы хабарлар
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023
"Тұлпар" жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды
 22 мамыр 2023
Қарақия ауданына қарасты орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылған жылжымалы көрме
 20 мамыр 2023
"Жылдың Үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы"✨✨✨
 20 мамыр 2023