Тарихи мұра жанашырларына – Алғыс!
Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығы (Ақтау қаласы, 3-ші шағынаудан, 66 ғимарат), 1 наурыз 2018 жыл, сағат: 10-00 Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған «Тарихи мұра жанашырларына – Алғыс!» атты тақырыпта іс-шара өткізді. Негізгі мақсаты, азаматтық қағидаттарына негізделген қазақстандық бірегейлікті дамыту арқылы Қазақстан халқының бірлігін нығайту, көктемнің бірінші күнінде мерекелік көңіл-күй қалыптастыру, көрісу күні, Амал мерекесі туралы мәлімет беру.
Бұл іс шараның маңызды сипаты - қатысушылардың бір-біріне алғыс айтуы, жақсы тілектер білдіруі, бұрынғы өкпе-наздарын кешіруі және т.б. «Біреуге жақсылық жаса да – ұмыт, біреудің саған жасаған жақсылығын ешқашан ұмытпа!» деген қағидамен кез келген қайырымдылық іс-әрекеттеріне және басқа да ізгі істерге Алғыс айтады. Міне, осыған орайбүгінгі іс шараға арнайы Таимова Франгиза Қисақызы, Отыншы Көшбайұлы, Әбдірахман Қуанышбек Спанұлы, Бисенбек Нұржігітұлы құрметті қонақтары шақырылды.Алғыс айту күні – ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін, біздің ортақ тарихымызды қастерлейтін, өзара көмек және қолдау көрсету күні. Сондай-ақ, осы іс шараның жақсы көңіл күйде өтуіне Маңғыстау өнер колледжінің білімгерлері Ермекбаева Аққу мен Жалғас Ырысбек ат салысып, өздерінің орындауында жыр-термелерін тарту етті.
Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығы ұжымы - өлкенің тарихи-этнографиялық қорын жинақтау, сақтау жолында айрықша еңбек еткен алғашқы тарих жанашыры Франгиза Қисақызына облыстың тарихи-мәдени мұраларын қорғау-сақтау саласындағы атқарған қызметі мен өлшеусіз сіңірген еңбегі үшін, қызмет бабында қызметкерлеріне көрсеткен қамқорлығы үшін ризашылығымызды білдіріп, орасан зор алғыс айтамыз! Сондай-ақ атадан жеткен асыл мұраны жол ортада жоғалтып алмай, оны жаңғыртып, жасартып, дамытып келе жатқан, Маңғыстау өңіріндегі сәулетшілік өнердің даму тарихы туралы көптеген еңбектер жазып жүрген өлкетанушы, тарихшы Отыншы Көшбайұлы ағамызға, ел ішінде ата-бабадан келе жатқан асыл дінімізді ардақтап, дәстүр мен діннің сабақтастығын ұлықтап, жастарға имандылық иірімдерін насихаттауға ат салысып жүрген және ұлы дала халқының ұлттық құндылықтарын сақтап, дамыту мақсатында айналамызда мүжәлсіз отбасыларының, зәру мүгедектердің, жетім-жесірлердің бар екенін сезініп, оларға қол ұшын созып жүрген құрметті азаматтар Қуанышбек Спанұлы мен Бейсенбек Нұржігітұлына жасаған жақсылықтары үшін ризашылық білдіріп, Алғыс айтамыз. Кімде-кім бір игі істі бастап өзгеге үлгі болса, өзінен кейін сол істі істегеннің сауабындай сауап алады екен. Сауапты істеріңіз көп болсын дейміз!
Сонымен біздің айтпағымыз, адамдар өмірдің әрбір сәтін бағалай білуді үйрену керек және жақын адамдарымызға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін ризашылық білдіруді ұмытпау керек, тіпті Табиғат-Анаға шуағын шашқан мейірімді күні үшін, салқын самал желі, ақ жауынды жаңбыры мен ақша қары үшін Алғыс айтуымыз қажет.
Яриханова Айман Керліқұлқызы
Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығыбөлім меңгеруші
24 наурыз 2023
МАҢҒЫСТАУДЫҢ ҚАСИЕТТІ НЫСАНДАРЫ
2 сәуір 2021
Шежірелі Шерқала
5 наурыз 2021
Сүйінқара Үргенішбайұлы
5 наурыз 2021
Маңғыстаудағы Бекет ата мешіттері
18 сәуір 2020
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні
6 ақпан 2020
АЛТЫНҚАЗҒАН КЕШЕНІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
17 қаңтар 2019
Дәстүрлі дін: ата-баба жолымен
17 қаңтар 2019
Қошқартас
17 қаңтар 2019
Асыл көзі
17 қаңтар 2019
Тарихи-мәдени мұрамызға мұқият болайық
9 қаңтар 2019
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстаудың қасиетті нысандары толықтырылды
9 қаңтар 2019
Қаңға жеріндегі Махтум-баба мешіті
31 қазан 2018
Тобықты жеріндегі Бекет-ата жерасты мешіті, XVIII-XIX ғғ.
23 қазан 2018
Махтум баба мешіті
23 қазан 2018
Қыз-әулие - киелі орындар тізіміне енгізілді
23 қазан 2018
Шерғазы сұлтанды Хан атағына ұлықтау және салтанатқа қатысқан кейбір тарихи тұлғалар туралы
23 қазан 2018
Облыс аумағынан жаңа тарихи-мәдени мұралар анықталды!
22 қазан 2018
Маңғыстау ескерткіштері киелі орындар тізіміне енгізілді
22 қазан 2018
Маңғыстаудан шыққан Құлбарақ батыр
22 қазан 2018
Дін және дәстүр
26 қыркүйек 2018
Маңғаз Маңғыстау, ажарлы Ақтау!
31 шілде 2018
Маңғыстаудың – қасиетті рухани құндылықтары
2 шілде 2018
Асқақтай бер – Астана!
4 сәуір 2018
Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары
Соңғы хабарлар
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023
"Тұлпар" жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды
 22 мамыр 2023
Қарақия ауданына қарасты орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылған жылжымалы көрме
 20 мамыр 2023
"Жылдың Үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы"✨✨✨
 20 мамыр 2023