25-27 қыркүйек Маңғыстау облысының Ақтау қаласында
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІнің қолдауымен, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫның МАҢҒЫСТАУ МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ ҚОРЫҒЫның ұйымдастыруымен Бекет атаның 275 жылдығына арналған «Бекет ата Мырзағұлұлы – руханиятымыздың тірегі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтетінін хабарлайды.
Бүгін осы күллі мұсылман түркі әлемінің пірі атанған Бекет Ата – жығылғанды жебеп, желіккенді жөнге салатын, дархандығы мен батырлығы, жауласқанды достастырып, қастасқанды құдандалы қылып аттандыратын қазылығы, ақылман-болжампаз, аты ұлысына ұран болған Пір Бекет Ата Мырзағұлұлының 275 жылдығына орай «Бекет ата Мырзағұлұлы – руханиятымыздың тірегі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, қасиетті мекен – Маңғыстауда өтеді.
Киелі Маңғыстау жері конференцияға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен және өзге де шетелдік ғалымдар, тарих, этнография, теология, археология, реставрация салаларының ғалымдарының басын қосуда.
Бұл жұмыстардың мақсаты - Бекет ата мешіттері бойынша ғылыми, архитектуралық, этнографиялық зерттеулерді тоғыстыру; «Бекет ата мешіттерін» (Оғланды, Ескі Бейнеу) халықаралық деңгейде ғылыми-зерттеу, қорғау-сақтау шаралары, реставрациялау, танымал ету, туризм индустриясында тиімді пайдалану әдістері бойынша өзекті мәселелер, Бекет ата Мырзағұлұлына қатысты тарихи-архивтік және библиографиялық ізденістерді зерттеу, Ясауи дүниетанымын, дәстүрін, қоғамдық сананы жаңғыртудағы Бекет ата өнегесі мен рухани ілімін зерделеу.
Халықаралық конференция 25 қыркүйек (бейсенбі) сағат 10 : 00 де Қ.Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапхана, 19 ш/а, 2 ғимараты, конференц-залында өтеді.
#бекетата275жыл #халықаралықконференция
https://www.facebook.com/watch/?mibextid=wwXIfr&v=770610082450963&rdid=Hl7UZ7VZ0nCasSrA
30 қыркүйек 2025
Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары және Ақтау қаласының қонақтары!
23 қыркүйек 2025
25-27 қыркүйек Маңғыстау облысының Ақтау қаласында
2 сәуір 2025
"Ақтау - түркі әлемінің мәдени астанасы"
1 сәуір 2025
“Ақтау - түркі әлемінің мәдени астанасы 2025” - АШЫЛУ САЛТАНАТЫ
10 наурыз 2023
ХАБАРЛАНДЫРУ! КӨРМЕНІҢ АШЫҚ АПТАЛЫҒЫ
Соңғы хабарлар
 26 наурыз 2025
"ОТ КИЕСІ" жылжымалы көрмесі және "МАҢҒЫСТАУ ЕСКЕРТКІШТЕРІ" тұрақты көрмесі бойынша экскурсия
 18 наурыз 2025
18 наурыз "ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ" құтты болсын!!!
 17 наурыз 2025
Жылжымалы көрмелермен экскурсия
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023








