Тақырыбы: «Ежелгі қалашықтар құпиясы» танымдық викторина
Болатын жерi, уақыты: Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығы (Ақтау қаласы, 3-ші шағынаудан, 66 ғимарат), 18 сәуір 2018 жыл, сағат: 10-00.
Іс-шараның мақсаты: Елбасы “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласындағы мəдени-идеологиялық, рухани жаңғыруымызды баянды ету. Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары мен Ежелгі қалашықтар құпиясы туралы оқушылар арасында викториналық сұрақтар ұйымдастырып, пайымды жауаптар алу;
Жүргізуші: «Экскурсия және көпшілік» бөлімінің меңгерушісі -Яриханова Айман Керліқұлқызы
Іс-шараның жүру барысы: Іс-шараға қатысушы оқушылар 2 топқа бөлінеді: «Тапқыр» тобы және «Алғыр» тобы
І топ «Тапқыр» – Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары, дайындаған тақырыбы – «Орта ғасырлық қалашықтар»
ІІ топ «Алғыр» – Дарынды балалар мектеп-интернатының оқушылары, дайындаған тақырыбы – «Форт-Шевченко қаласының ескерткіштері»
Жетекшілері: Қылышов Ерлан, Канисова Гүлдәрі.
Танымдық викторина 3 кезеңнен тұрады:
- әр топ өздерінің дайындап келген слаидтарын қорғады.
- викториналық сұрақтар қойылды, әр топ өз жауаптарын айтты.
- «Маңғыстау» сөзжұмбағы дайындалып, әр топ өз жауаптарын жылдам әрі тапқырлықпен жауап берді.
Сондай-ақ, «Маңғыстау өнер колледжінің» білімгерлері Рысбек Жалғас және Бисенғалиев Айсұлтан арнайы іс-шараға қатысушы оқушыларға жігер, жалын беретін жыр-термелерін орындады.
Әділқазы алқасы: «Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығы» директоры – Құлбаев Нұрлан Абызұлы, «Ескерткіштерді есепке алу және қорғау» бөлімінің меңгерушісі – Дауымшарова Нұрсауле Бисенғалиқызы, «Сәулет және археология» бөлімінің маманы – Аксенбай Жадыра Аманқызы.
Жүргізушінің баяндамасы: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Туған жер» жобасы туған өлкені тану және шынайы патриотизмді қалыптастыруға негізделген. Туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілікке бағытталған патриотизм мәдени-генетикалық кодтың негізі болып табылады. Бұл бағдарламаның бір бағыты — өлкетану жұмыстары. Өлкетану білімі біржақты этнографиялық аспектіні ғана емес, сонымен бірге ағартушылық жұмысқа негізделіп, жергілікті жердің географиясын, мифологиясын зерттеуді талап етеді. Өзінің түп-тамырын, өз халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетін ұмытпау, өз өлкесінің, елінің тарихын білу маңызды.
Маңғыстау облысы – тарихи-мәдени мұраларға барынша бай өлке. Өлкемiздегi санғасырлық тарихымен, әлемде еш ұқсастығы жоқ ерекшелiктерiмен қайталанбас, республикамыздың үштен бiр бөлiгiн құрайтын тарихи-мәдени ескерткiштерiмiздi қорғау және сақтап қалу мақсатында 1980 жылы “Маңғыстау мемлекеттiк тарихи мәдени қорығы” құрылды. Қорық қорында бүгінгі таңда ескерткіштердің ғылыми құжаттары, құнды тарихи деректер, археологиялық артефакттар және мұражай мағыналы жәдігерлер жинақталған.
Ескерткіштер уақыт өткен сайын тозады, ескіреді, шөгеді, табиғат апатынан немесе адам факторының әсерінен құлап, қирап, көміліп қалуы мүмкін. Ең үздік сәулетшілер, суретшілер, шеберлердің шабытынан туған өнердің ғажайып жетістігі болып саналатын тарихи-мәдени мұралар, ескерткіштер, ғимараттар уақыт өте келе көпшілікке ортақ дүниеге – қоғамның, қала берді адамзаттың ортақ мүлкіне, қымбат қазынасына айналады. Мұндай мұраларды атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа көздің қарашығындай сақтап жеткізу мәселесі ықылым замандарда-ақ адамдарды қатты алаңдатқан тақырыпқа айналған. Адамзат әлемнің жеті кереметіне енетін ескерткіштерінің барлығын дерлік жоғалтып алса да әлі күнге есте сақтап келеді. Рухы асқақ ел болудың іргетасы – баба мұрасын аялау, ата салтын ардақтау, өрелі әдетті дамыту екендігінде күмән жоқ.
