“Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне” орай Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының бірқатар қызметкерлері марапатталды:
АҚСЕНБАЙ ЖАДЫРА – Мәдениет және өнер саланы дамыту ісіне қосқан елеулі еңбегі үшін ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Ораловтың атынан АЛҒЫС ХАТЫМЕН;
БЕШАКОВА ЛУНАРА және КҮЗЕМБАЕВА РЫСГҮЛ – Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаевтың атынан АЛҒЫС ХАТТАРМЕН;
КОНИЛХОСОВА ГҮЛНАЗ және БАХЫТОВА АЙНҰР – Маңғыстау облысының мәдениет және өнер саласына қосқан үлестері үшін Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Байпақовтың атынан АЛҒЫС ХАТТАРМЕН;
САДЫКОВА АЙМАН және АЙТҚҰЛОВА ЖӘНИЯ – ҚР Президентінің жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясы аясында қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесі, әлеуметтік әріптестікті дамыту жолындағы жемісті еңбегі үшін Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.Иманкулованың атынан ҚҰРМЕТ ГРАМОТАЛАРЫМЕН марапатталды.
Сондай ақ мерейтойлық жастағы қызметкерлерге МҰСТАЖАЕВА ГҮЛСІМ мен ДЖАЗБАЕВА БАЯНҒА естелік сыйлық табысталды.
Құрметті әріптестер, марапаттарыңыз құтты болсын! Еңбектеріңізге жеміс, шығармашылықтарыңызға толағай табыстар тілейміз!
