Skip to content

Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды

26-27 қазан күндері мекеме қызметкерлері А.Яриханова мен Ж.Айтқұлова “Маңғыстаудың қасиетті нысандары” және “Ортағасырлық Қызылқала қалашығы” жылжымалы көрмелері бойынша Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырды. Оқушылар экскурсияны қызыға тыңдап, көкейіндегі сұрақтарын қойып, керекті мәліметтер алды.

Маңғыстау тарихи-мәдени қорығының “Қор” бөлімінде орналасқан Маңғыстау ескерткіштері, жерасты мешіттері, археологиялық нысандары жайындағы буклет-кітапшалар әрбір мектептің кітапханалар қорына тапсырылды. Мектеп табалдырығындағы оқушылар өздеріне қажетті деген қызықты мағлұматтарын осы буклет-кітапшалардан пайдалы ақпарат алады деген сенімдеміз. 

 

 

 

 

 

 

 

Leave a Reply