24 қыркүйек күні Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы ғұндар туралы деректі фильм түсіруге келген Франциялық “Pernel Media” телекомпаниясының France 5 қоғамдық-танымдық телеарнасының өкілдерін қабылдады. Кездесу мақсаты: “Алтынқазған” ескерткішін әлемдік деңгейде насихаттау үшін ғылыми-танымдық деректі фильм түсіру, Францияның телеарналарын және АҚШ-тағы Science Channel телеарнасы арқылы дүниежүзі халықтарының назарына ұсыну. Фильм түсіруші топтың құрамы: Франциялық “Pernel Media” телекомпаниясының Лорен Порте – France 5 қоғамдық-танымдық телеарнасының ғұндар туралы деректі фильмнің бас режиссері әрі сценаристі, Ксавье Либомен – деректі фильмнің түсірушісі бейнеоператор, Кристоф Миэль деректі фильмнің дыбыс режиссеры.
Маңғыстаудағы Алтынқазған діни-қабірлеу кешені – Ұлы дала белдеуіндегі және ғұн мәселелерімен тығыз байланысты маңызды тарихи кезеңді көрсететін ескерткіш. Жерлеу кешені негізінен құрбандық шалатын тастар мен қоршаулар болып табылатын 200-ден астам жерлеу қоршаулары қалдықтарынан тұрады. Зерттеушілермен ежелгі көшпелілердің жөнелтуі туралы салтымен пұтқа табынушылыққа дейінгі екі табиғи апат – От пен Суға табынушылықпен байланысты болжамдар айтылады. Ғұн бейнесінің қымбат ат әбзелдерін сыйға тартуы жерлеу салтының жоғары деңгейін көрсетеді. Археологиялық қазба жұмыстары барысында катакомбалық үлгідегі үш жерлеу табылды. Ескерткіш б.з. III-V ғғ. белгіленеді. Алтынқазғанның анықталуы ежелгі Азия мен Еуропа аралығындағы антикалық және ерте ортағасырлық кезеңіндегі сауда қатынастарының дамуы мен Ұлы Халықтар көші дәуірі археологиясындағы соңғы онжылдықта ашылған маңызды оқиғалардың бірі деп танылды.
Жоспар бойынша өңірлік археолог А.Астафьевпен бірге Маңғыстау ауданына қарасты Алтынқазған діни-қабірлеу кешенінде биыл түсірілім жасау жұмыстары жүргізіліп, ғұндар тарихы туралы танымдық деректі фильм келер жылдың көктемінде жарыққа шығады.
