Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған
Иманбай күмбезтамы, Манашы некрополі, Көркембай мешіті, Атан-Таған
некрополі, Тоқсанбай қонысы ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру,
есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, фотофиксациядан
өткізу, Тәнке, Шабаймола, Шолақ (Қызылжұлдыз) некропольдері, Төремұрат кесенесі
бойынша құжаттандыру жұмыстарын жүргізу.
Іссапар бағыты: Ақтау
қаласы – Бейнеу – Тоқсанбай – Шабаймола –
Шолақ (Қызылжұлдыз) – Атан-Таған
– Төремұрат – Көркембай – Манашы – Ақтау
қаласы.
Іссапар
мерзімі: 20 – 23 қазан
2022 жыл (4 – күндік)
Іссапар құрамы: Қ.Бимағанбетова
– «Ескерткіштерді есепке алу және қорғау» бөлімі меңгерушісі
Е.Давлетов
– «Сәулет және археология бөлімі»
меңгерушісі
Л.Бешакова –
«Тарихи-мәдени мұраларды қорғау» бөлімі
маманы
А.Алғадай –
«Ескерткіштерді есепке алу және қорғау» бөлімі маманы
АТАН-ТАҒАН некрополі, Тарих және мәдениет
ескерткішінің қорғау аймағында заңсыз (өз бетімен) жүргізілген құрылыстар: Қорымдағы №2,3 күмбезтамға және №4
сағанатамғаөңделген плита тастардан
қаланған қабырғаларының ара-жіктерінің ашылған тұстарына цементпен сылақ
жұмыстарын жүргізген. №3 күмбезтамның кіріс ойығының жоғарғы тұсына гранит тастан белгі тақтайша жапсырып орнатып қойған. Қорымға 2014 жылы қорғау тақтасы жаңадан
орнатылды.
КӨРКЕМБАЙ мешіті,
XIX ғасырТарих және мәдениет
ескерткішінің жай-күйіне мониторингжүргізубарысында сақталу
деңгейі қанағаттанарлықсыз деңгейде екендігі анықталды. Мешіт-медресенің бөлмелерінің күмбездері ішіне қарай
опырылып құлаған, кейбір бөлме төбелері ашық қалпында тұр. Ішкі қабырға тастарын бекіткен сылақ
топырақтары үгітіліп, қабырғаларының
ара-жіктері ашылып, кей
жерлерінің ірге тастары опырылып құлаған қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу
қажет.Тарих және мәдениет ескерткішіне ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу
мақсатында ҚР Мәдениет және спорт
министрлігі бекіткен жоспарына енгізілді.
Атан-Таған, Көркембай, Манашы ескерткіштерінің
сақталуын қамтамасыз ету мақсатында күтіп-ұстау бойынша Маңғыстау облысының
мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен
«Бейнеу ауылы әкімі аппараты»
мемлекеттік мекемесі арасында
21.05.2021 жылы қорғау міндеттемесі жасақталды.
ІССАПАР НӘТИЖЕСІНДЕ:4 тарих және мәдениет ескерткіштерініңтехникалық байқау актілері дайындалып,
17 есеп карточкалары объектілердің
техникалық жағдайларына байланысты қосымша мәліметпен толықтырылады.
Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала есепке
алу тізімінде тұрған Тәңке, Шабаймола, Шолақ
(Қызылжұлдыз) некропольдері, Төремұрат кесенелерінің өлшемдері алынып құжаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Ескерткіштерді есепке алу және қорғау бөлімі Қ.Бимағанбетова
1. Тәңке күмбезін құжаттандыру
2. Шолақ (Қызылжұлдыз) құжаттандыру
