25 қыркүйек күні БЕКЕТ АТАНЫҢ 275 ЖЫЛДЫҒЫна арналған
«БЕКЕТ АТА МЫРЗАҒҰЛҰЛЫ – РУХАНИЯТЫМЫЗДЫҢ ТІРЕГІ»
Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.
Халықаралық конференцияға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Иран, Түркіменстан мемлекеттерінен және өзге де шетелдік ғалымдар, тарих, этнография, теология, археология, реставрация салаларының ғалымдары келді.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАРЫ
1. Бекет ата мешіттері бойынша ғылыми, архитектуралық, этнографиялық зерттеулерді тоғыстыру;
2. «Бекет ата мешіттерін» (Оғланды, Ескі Бейнеу) халықаралық деңгейде ғылыми-зерттеу, қорғау-сақтау шаралары, реставрациялау, танымал ету, туризм индустриясында тиімді пайдалану әдістері бойынша өзекті мәселелер.
3. Бекет ата Мырзағұлұлына қатысты тарихи-архивтік және библиографиялық ізденістерді зерттеу;
4. Ясауи дүниетанымын, дәстүрін, қоғамдық сананы жаңғыртудағы Бекет ата өнегесі мен рухани ілімін зерделеу.
Конференция 2 секциялық отырыспен жалғасты:
Секция 1. Тарихи-мәдени мұра мәселелері (Бекет ата мешіттерін қорғау, сақтау және реставрациялау, пайдалану, танымал ету). Туризм.
Секция 2. Тарих. Этнография. Өлкетану. (Бекет ата Мырзағұлұлына қатысты тарихи-архивтік және библиографиялық ізденістер, рухани ілімі)
#маңғыстау #ақтау #бекетата275
https://www.facebook.com/watch/?mibextid=wwXIfr&v=1467876711126569&rdid=coa5noQ3uDCQ1BOj