Skip to content

Белдеулі керуен-сарайы

Белдеулі керуен-сарайы түбінде бес ескі құдығы
бар кең қазан-шұңқырдың ортасында орналасқан. Бас құрылыс 27х24 м тіктөртбұрыш
формалы келген, қиылған әктас-ұлутастан тұрғызылған. Кіре беріс солтүстік-шығыс
қабырғаның ортасында орнатылған. Оның ені шамамен 3м, ұзындығы 7м болған.
Керуен-сарайдың қасбетінің (фасадының) бұрышына диаметрі 2 м, биіктігі 4
метрдей жұмыр мұнаралар бекітілген. Құрылыстың ішкі ауласы 17х14 м. Есіктің екі
жағында екі бөлмеден жасалған. Оң жақтағы бөлмелердің арасында құрылыстың
қабырғалары жоғары көтерілу үшін қойылған тас басқыш бар. Ауланың шет жағында
есіктің орны жасалған шағын төрт бөлме, ал ары қарай шығыңқы қойма орны бар.
Орыс зерттеушілерінің 18-19 ғғ. еңбектерінде Белдеулі туралы Көптам деген атпен
айтылғандары бар. 

 

Leave a Reply