Skip to content

Борқұдық қорымы

Борқұдық қорымы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селоснан 40 км оңтүстік-батыс бағытта орналасқан. Қорым кіші дөңнің үстінде орналасқан. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қорымнан 56 ескерткіш мемлекеттік есепке алынған. Қорым жоспарда солтүстіктен оңтүстікке қарай созыңқылы орналасқан. Қорымдағы сандықтастарда адам бейнесі, шаңырақ, балта, мылтық, қылыш т.б әр түрлі суреттер ойылып салынған. Сандықтастар ерекше үлгіде төбесі ашық жалпақ плита тастардан жоғарғы жағы үшбұрышты кертештер шығарылып қойылған. Қорымдағы ескерткіштерден әртүрлі рулық таңбаларды кездестіруге болады. Қорым алғаш рет 1985 жылы жергілікті дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынған. 

Leave a Reply