24-25 сәуір күндері Қарақия ауданының Жетібай-Мұнайшы-Құрық ауылдарындағы орта мектеп оқушыларына «Маңғыстаудың қасиетті нысандары» жылжымалы көрмесі бойынша экскурсия ұйымдастырылып, “Маңғыстау ескерткіштері” жайында бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар мен мұғалімдер қызығушылықтарын білдіріп, сұрақ қойып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

