Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының директоры тағайындалды

Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының бұйрығымен Құлбаев Нұрлан Абызұлы Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының директоры лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. 
Нұрлан Құлбаев 1981 жылы 18 қазанда дүниеге келген. 2009 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін тарихшы мамандығын, 2016 жылы Маңғыстау гуманитарлық-техникалық университетін мұнай ісі мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылдан 2019 жылға дейін Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығында ескеркіштерді қорғау, есепке алу бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі археология және сәулет бөлімінің меңгерушісі, директор қызметінде болған. 2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Маңғыстау мемлекеттік архивінде эксперт қызметін атқарып келген. 
«Үздік өлкетанушы», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалінің, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері. 2018 ж. «Жыл адамы» облыстық конкурсының «Жылдың мәдениет және өнер қызметкері» номинациясының иегері.

Источник: 

Жарияланған күні: 14 маусым 2023

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28