Мақсаттары

Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаты:

Облыс аумағында орналасқан жылжымайтын тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, зерделеу және осымен байланысты мұражай заттары мен артефактерін сақтау; 
өңірдің тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, тарих және мәдениет бойынша нысаналы бағытта білім бойынша, білім беру-тәрбиелеу жұмысы  болып табылады.
Мемлекеттік мекеме көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- тарих және мәдениет ескерткіштерін табу, анықтау және есепке алу;
- ғылыми-зерттеу және жинақтау жұмысы;
- ғылыми-сақтау;
- ғылыми-экспозициялық және көрме құру;
- ғылыми-ағарту, тарихи-мәдени мұраны насихаттау.

Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі бағыттары:

Облыс аумағында орналасқан жылжымайтын және жылжымалы ұлттық мәдени мұра ескерткіштерін анықтау, есепке алу, зерделеу, қорғау және пайдалану;
игеріліп жатқан аумақта тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау  бойынша зерттеулерге қатысу;
тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі шұғыл мәселелерді шешуге бағытталған аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
монографияларды, ғылыми еңбек жинақтарын, мақалаларды, каталогтар және жол көрсеткіштері мен басқа да баспа өнімдерін баспаға дайындау;
тарихи-археологиялық, этнографиялық экспедицияларды ұйымдастыру, тарихи материалдар жинау мақсатында, республикалық, халықаралық экспедицияларға қатысу;
тақырыптық-экспозициялық жоспарлар әзірлеу, экспозициялар мен көрмелерді жобалау және жасақтау;
ғылыми-сақтау жұмысы, жылжымайтын тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік есепке алынуын және техникалық жағдайының мониторингін қамтамасыз ету, осымен байланысты әрбір  ескерткіш пен мұражай заттарының заңдық тәртіппен қорғалуын қамтамасыз ету;
тарихи-мәдени ескерткіштерді қиратудан, бүлдіруден және тонаудан, сақталуы бойынша шараларды қамтамасыз ету;
қазба жұмыстары кезінде табылған артефактерді Қазақстан Республикасындағы, сондай-ақ шетел институттарындағы зертханаларда ғылыми зерттеу жұмыстарына (уақытын, шығу тегін және т.б. анықтау) ықпал ету және оны жүзеге асыру;
ескерткіштердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылуын қамтамасыз ету, осы бағытта отандық және шетелдік туристік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдармен және жеке тұлғалармен байланысты жүзеге асыру;
жергілікті туризмді дамыту жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу;
Қазақстандағы мұражайлар, қорықтар мен шетел мұражайларымен көрме алмасу, бірлесіп көрмелер жасақтауды ұйымдастыру;
ескеркіштерді пайдалану мәдениеті мен қорғаудың пікірді қалыптастыру мақсатында, тарихи-мәдени мұралардың сақталу проблемалары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында публицистикалық қызметті жүзеге асыру;
ескерткіштерді анықтауға және сақтауға қолдау көрсететін қайырымдылық акциялары мен өзге де іс-шараларға қатысу;
тарихи-мәдени ескерткіштерді анықтауға, зерделеуге, сақтауға,  насихаттауға қайырымдылық көмек пен гранттар тарту;
тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау үшін ең жаңа технологияларды қамтамасыз ету арқылы, фото жәфне бейне-таспаға түсіруді ұйымдастыру.
Мемлекеттік мекемеге жарғыда бекітілген қызметтік мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады. 

Жарияланған күні: 10 қаңтар 2019Оқылған саны: 1834

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28