"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ директоры

 

Құлбаев Нұрлан Абызұлы 1981 жылы 18 қазанда дүниеге келген. 1988-1999 жылдары орта мектептен білім алған, 2004 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 2009 жылы «Тарих пәнінің мұғалімі» мамандығын алған. Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығына ғылыми қызметкер болып жұмысқа орналасты. Ол тарихи-мәдени мұра объектілерін ғылыми-зерттеу, құжаттандыру, қорғау-сақтау мақсаттарындағы Маңғыстау, Үстірт, Қазақстанның батыс аймақтарына экспедициялар өткізумен айналысып, өлке тарихының белгісіз парақтарын ашты.

2010-2012 жылдары «Ескерткіштерді есепке алу және қорғау» бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасады, 2013 жылдан бері 31.03.2019 ж. дейін мекеменің директоры қызметін атқарды. Қазіргі таңда, қорықтың «Археология және сәулет» бөлімінің меңгерушісі.

Ол Маңғыстау түбегіне қазақтардың алғаш келуі мен тарихнамасын зерттеу бойынша үнемі ізденіп, ел аузындағы аңыз-әңгімелер мен шетелдік мұрағаттардағы жазба деректерде сақталған тарихи мәліметтерді саралайды. Оның республикалық, облыстық және аудандық басылым беттерінде 100-ден астам ғылыми-танымдық мақалалары жарық көрген. Ол «Маңғыстау облысының тарихи-мәдени мұраларының жинағы» кітабын құрастырушыларының бірі, «Сейсем-ата қорымының араб жазуындағы эпиграфикасы» кітабының (2012 ж.) соавторы, «Арал-Каспий аралығы тарихи-мәдени ескерткіштеріндегі араб графикалы мәтіндердің анықтамалығы» кітабының (2015 ж.) авторы.

2008 жылы «18 – сәуір Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне» орай тарихи-мәдени мұрасының сақталуы мен насихатталуына қосқан үлесі үшін облыстық мәдениет басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталып, «Жыл мұражай қызметкері» атағын иеленді. 

2009 жылы облыс әкімінің «Ұшқыр тіл  мен терең ой» номинациялары бойынша жеңімпаз аталды. 2011 жылы «Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» ұйымдастырған «Ең үздік маман» байқауына қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды. Мәдениет пен мұражай ісін дамуына қосқан көп жылғы жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Құрмет Грамотасымен наградталды. Сондай-ақ Маңғыстау облысының мәдениет саласын дамытуға қосқан үлесі үшін облыс әкімдігінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. 

2014 жылы Мәдениет пен мұражай ісін дамуына қосқан көп жылғы жемісті еңбегі үшін және Халықаралық мұражай күніне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.

2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне және Маңғыстау облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 

2018 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыруға және туған өлкенің тарихын зерттеуге қосқан үлесі үшін Мәдениет министрі А.Мұхамедиұлының атынан «Үздік өлкетанушы» төс белгісімен марапатталды. 

2020 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.

2021 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалінің иегері.

2022 жылы «Біздің арамыздағы батырлар» арнайы жобасын жүзеге асыру бойынша арнайы төс белгімен марапатталды.

2022 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Қазіргі таңда тас беттеріндегі тарихты зерттеу жұмыстары бойынша «Арал-Каспий аралығы тарихи-мәдени ескерткіштеріндегі араб графикалы мәтіндердің анықтамалығы» кітабының 2-томын жарыққа шығару бағытындда жұмыстануда. Сондай-ақ, 2020 жылдан бері мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы тапсырмасына байланысты мемлекеттік архивтердегі құжаттар мен деректерді саралау жұмыстарымен айналысуда. 

Жарияланған күні: 26 қазан 2021: 10:49  

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28