25 мамыр күні «Достық үйі» ғимаратында «Мектептегі тарих пәні: Білім берудегі жаңаша тренд, рухани құндылық, тарихи сана» тақырыбындағы республикалық тәжірибелік конференция өткізілді. Аталған конференцияда «Маңғыстау -ашық аспан астындағы мұражай» және «Маңғыстаудың қасиетті нысандары», «Ортағасырлық Қызылқала қалашығы» тақырыбындағы жылжымалы көрмелер бойынша экскурсия ұйымдастырылып, Қазақстанның әр аймағынан келген қонақтар, яғни тарихшылар, өлкетанушылар, мектеп мұғалімдері мен басшылар қызыға тыңдап, өз жылы лебіздерін білдіріп жатты.
Маңғыстау облысының білім басқармасы, қорық қызметкері Яриханова Айман Керіқұлқызына ғылыми-тәжірибелік конференцияда белсенділік танытқаны үшін Алғыс хат берілді.
