13-14 наурыз күндері Ұлыстың Ұлы күнін тойлауға байланысты “Отпан тау тарихи-мәдени кешенінде” түбектің географиялық ерекшеліктері негізінде өлкеде сақталып қалған Еуразия көшпелілерінің рухани дәстүрлері мен наным-сенімдері жайындағы “От киесі” жылжымалы көрмесімен “Көрісу күніне” жиналған жалпы халыққа экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында 1500-ден астам көрермен қамтылды.
