Skip to content

Шерқала тауы және қорымы

Шерқала тауы – Маңғыстау ауданы,
Шетпе кентiнен 17 км солтүстік батыс бағытта орналасқан. Арабша арыстан қала
деген мағынаны бiлдiредi. Таудың солтүстік етегiнде әскери бекiнiс бар. 1851 ж
геологиялық экспедицияның құрамында Маңғыстауда болған поляк революционерi
Б.Залесский: «Шерқалаға алыстан қарағанда Римнiң керемет пантеондарын көргендей
боласың. Жақыннан келiп қарағанда, жеке қабырғалардың колонналарына қираған
мүсiндер сияқты ақ таулардың бағандарын көресiң», – деп Шерқаланың суретiн
салыпты. Шерқала табиғи ескерткiш ретiнде 2004
ж. жергілікті дәрежеде мемлекет
қамқорлығына алынды.

 Шерқала қорымы – Маңғыстау ауданы, Шетпе кентiнен 20 км батыс бағытта орналасқан. Зерттеу жұмыстарының нәтижесiнеде қорымнан 253 ескерткiш есепке алынды. Оның iшiнде сағана там, қойтас, құлыптас, тас қоршаулар, т.б. бар. Мұнда ортағасырлық түркiмен қойылымдар өте көп кездеседi. Қорым 1982 ж. жергiлiктi дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынды. 

Leave a Reply