Skip to content

Солтүстік Қазақстан облысында Ботай қонысында далалық семинар өткізілді

2023 жылдың 28 сәуір күні Халықаралық тарихи орындар мен және ескерткіштерді қорғау күніне ұйымдастырылған Солтүстік Қазақстан облысында Ботай қонысында далалық семинар өткізілді.

Семинарға қорық қызметкерлері Давлетов Ерсай мен Алғадай Азу қатысып келді.

Далалық семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын сақтау саласында тәжірибе алмасу, Ботай мәдениетін насихаттау, археология, тарих саласында жаңа идеяларды әзірлеу. Қазақстан Республикасының музей-қорықтарын, облыстық инспекцияларды, тарихи-мәдени мұраны қорғау орталықтарын дамытудың практикалық, қолданбалы мәселелері бойынша бірлескен талқылау, дискурс болды.

Семинар Ботай қонысындағы 2022 жылдың қыркүйегінде ғылыми бағытта қалпына келтірілген ежелгі ботай тұрғын үйінде өтті.

Далалық семинар бағдарламасында: Ботай мәдениеті туралы көрме және интерактивті іс-шара – археология ескерткішіне күзет-құтқару жұмыстары мақсатында, семинар қатысушылары ағаш отырғызды. 

 

 

 

 

Leave a Reply