Skip to content

Сұлтан үпі сайы, құдығы және жер асты мешіті

Сұлтан үпі жерасты мешіті
– Каспий жағалауына жақын жердегi Ащымұрын мен Ойра аралығында, Форт-Шевченко
қаласынан 57 км солтүстiк-шығыс бағытта орналасқан. Жердің тастақ қабатынан
ойып жасалған жерасты мешiт бірнеше камералық бiр-бiрiне жалғасқан 11 бөлмеден
тұрады және тастан тiреуiш бағаналар орналасқан. Ескерткіштің рухани-діни
бағыттағы сипаты Сұлтан үпі жерасты
мешітін шамамен ХII-ХIII ғғ. салынған қандай да бір сопылық қауымның
ханака-ғибадатханасы болған. Ел аузында сақталған аңыздарға сүйенсек, Сұлтан
үпі әйгiлi Сүлеймен Бақырғанидың баласы
екен. Оның есiмi ел iшiнде “Бақырғани” жазбасының иесi. 1873 ж. Тбилиси
(Тифлис) қаласында басылып шыққан «Предания
адаевцев о святых секты ханафие, живших и умерших на Мангышлаке//Сборник
сведений о кавказских горцах»
7-ші шығарылымында жазылған аңыз-деректерде
Хакім-ата (Сүлеймен Бақырғани) әйелінен Мұхаммед-қожа, Әскер-қожа, Құбби-қожа
(қазақтар оны Сұлтан үпі деп атаған) дейтін үш ұлды болған.

Теңізшілер мен балықшылар
«Сұлтан үпі, сақтай гөр пендеңдi су апатынан» деп сиынып, күн күркiрегенде де
осы кiсiнiң  атын атайтын болған. Яғни су
пiрi болған.  1982 ж. Республикалық мәртебеде мемлекеттiк қорғауға қабылданған
тарихи-мәдени ескерткiш.

 

Leave a Reply