27 наурыз күні, сағат 11 00 де;
Қазақ хандығының 560 жылдығына орай «Тарихқа тұнған даламыз» тақырыбындағы ғылыми-танымдық кездесу кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты: Қазақ хандығының шығу тегін, Қазақстандағы хандардың мақсатын, ұстаған бағытын түсіндіре отырып, өз Отанының басында қандай қиын кезең болса да мойымай көтеруге тәрбиелеу. Өз тарихын, отанын, ата-бабасын сыйлап өту келер ұрпақтың қастерлі міндеті екендігін ұғындыру, насихаттау арқылы жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Аталмыш іс-шараға: «Адай уезінің жазба мұралары» кітабының авторы, өлкетанушы, зейнеткер педагог – Мұрат Ақмырзаев; Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын өлкетанушы, тарихшы – Аллаберген Қонарбаев; Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің тарих пәні оқытушысы – Ләззат Сақтағанқызы және Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атыгндағы Маңғыстау гуманитарлық колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысып, Қазақ хандығының шығу тарихы, хандық билік пен саясаты жайында ғылыми-танымдық ақпараттармен танысты.
«Тарихқа тұнған даламыз» тақырыбында баяндама оқылып, Қазақ хандығы туралы видео көрсетіледі. Аталған ғылыми-танымдық кеште жастарға өнегелі ой тастар күмбірлеген “Қос алқа”, Ер Тұран” күйлерін оқушылар Қолғанат Ақниет, Қолғанат Адайбек орындады. Арнайы шақырылған қонақтар тарихшы, өлкетанушы, зерттеуші ғалымдар ғылыми деректермен бөлісіп, студенттер көкейіндегі сұрақтарға жауап алды. «Маңғыстау ескерткіштері» тұрақты көрмесі бойынша экскурсия өткізілді.
“Маңғыстау телеарнасының” жаңалықтар бөлімінен көре аласыздар.