2-3 қазан 2025 жыл
«Түркі жұртының жұрнағы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында жоспарланған облыстық іс-шараларға сәйкес өткізілді.
Конференцияға елімізге танымал ғалымдармен қатар, Түркі мемлекеттерінің ұйымына мүше елдердің, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан халықаралық ғылыми-зерттеу институттары мен тарихи-мәдени орталықтарының ғалымдары, археология, реставрация, ескерткіштану салалары бойынша мамандар қатысты.
Конференция жұмыстарын ұйымдастыруда ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы, Халықаралық Түркі Академиясы және Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының мамандары қолдау көрсетті.
Конференцияның басты жаңалықтары:
ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, т.ғ.д., профессор Жәкен Таймағамбетовтың жетекшілігімен 2024-2025 жж. жүргізілген Тас дәуірінің археологиялық ескерткіштерін анықтау және Каспий теңізі деңгейінің өзгеру тарихын зерттеу мақсатындағы ауқымды барлау жұмыстарының, халықаралық археологиялық экспедициясының қорытындылары жарияланды.
Түркі академиясының жетекшілігімен 2024 жылы Маңғыстау өңіріндегі түрік тайпаларының ру-таңбалары мен жерлеу орындарына қатысты жүргізілген археологиялық ғылыми-экспедицияның зерттеу нәтижелері: «Mangıstau Bölgesi̇̇ Türk Tari̇̇hi̇̇ Mi̇̇rası: Oğuz-Kıpçak Mezarlıkları ve Damgaları (Маңғыстау өңірінің түркі тарихы мұрасы: оғыз-қыпшақ қорымдары мен таңбалары)» кітабы облыс әкімінің орынбасары Т.Әбішовке сыйға берілді.
Ә.Марғұлан атындағы Археология институты мамандарымен жарыққа шығарылған «Алтынқазған» және «Қарақабақ» археологиялық ескерткіштері туралы жаңа кітаптар көпшілік назарына ұсынылды.
#маңғыстау#ақтау#халықаралықконференция#түркіәлемініңмәдениастанасы