Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде 8 қараша күні 2018 ж. «Ұлттық жаңғыру процессі туған жер тұтастығымен ел болашағының негізі ретінде» «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі Эльмира Абланованың ұйымдастыруымен семинар болып өтті. Семинарда «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» тақырыбында «Экскурсия-көпшілік» бөлімінің меңгерушісі Айман Яриханова баяндама оқыды. Сондай-ақ, «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті Демеев Ахмет «Географическое положение Мангистауской области и ее значение в экономическом развитии края» тақырыбында және Бекешов Сарсенғали «ХІХ-ХХ ғ. Басындағы дәстүрлі зергерлік бұйымдар және әшекейлер» тақырыбында, аға оқытушы Сидешова Роза «Алаш қозғалысы және Халел Досмұхамедов» тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен қатар, Маңғыстаудың киелі орындарын насихаттау мақсатында «Сисем ата қорымы – Маңғыстаудың сәулет мұрасының ескерткіші» және «Ортағасырлық Қызылқала қалашығы» жылжымалы көрмелермен экскурсия жүргізілді.
