Skip to content

Ұлыстың үлы күніне орай “АШЫҚ ЕСІК КҮНІ” апталығы өткізілді

Осы бір Ұлы теңіздің қолтығын мекендеп жатқан Маңғыстау жері туралы талай-талай саяхатшылар, ғұлама тарихшылар өз еңбектерінде, сапарнамаларында таңдайын қаға, тамсана жазып өткен. Өйткені, түбек төрінде күні бүгінге дейін өткен кеткенді өзінің айшықты архитектурасымен қызықтыратын ескерткіштер де, тілін тауып сөйлете білсең, әріден сыр шертер тау-тасы да өзінің бастауын тым әріден, сонау есте қалмас ықылым замандардан бастайды. Бүкіл қазақ жеріндегі тарихи ескерткіштердің жартысына жуығының осы жерде сақталуы, әсіресе күні бүгінге дейін міні құрымаған жерасты мешіттері, соңғы археологиялық қазбалар арқылы табылған біздің дәуірімізге дейінгі ғибадатханалар, көне үйіктер тарихына үңілсек болды, олар бір-бірімен жалғасып, өтіп кеткен елдер, халықтар жөнінде хабар береді. Мінекей осы тұрғыда, Маңғыстаудың тарихи-мәдени ескерткіштерін насихаттау мақсатында 13-17 наурыз күндері Ұлыстың Ұлы Күніне орай “Ашық есік күні” апталығы өткізілді. Сондай-ақ, Маңғыстау жерінде Қазақстанның өзге аймақтарында әлдеқашан жойылып кеткен алғашқы қауымдық наным-сенім қалдықтары, отпен байланысты салт-дәстүрлер мен күн таңбалы нышандар сақталған жайындағы “От киесі” жылжымалы көрмесі бойынша да экскурсиялар ұйымдастырылды. Ақтау қаласының №3,7,22, Мұнайлы ауданынан №5,12,15 орта мектеп оқушылары, Гуманитарлық, политех, энергетикалық, туризм колледж студенттері, сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары көрмелерді тамашалады. Нәтижесінде 500 ден астам көрермен қамтылды. 

                        

                        

                        

                        

                        

Leave a Reply