Skip to content

«Жұмбақ жайлап, аңыз өрген – Маңғыстау»

2021 жылы 30 наурыз күні сағат 10.00-де Маңғыстау мешіттері туралы «Жұмбақ жайлап, аңыз өрген – Маңғыстау» атты ғылыми-танымдық кездесу кеші өтті.

Іс-шараның мақсаты: 362 әулиелi Маңғыстаудың ескерткiштерi, жерасты мешіттері туралы, оның құпия-сырларын, өз дәуiрiнiң сипатына сай даму тарихына тоқталып, түрлерiн танып бiлу. Маңғыстау мешіттерінің қазiргi заманмен сабақтастығы, маңызы, ерекшелiктерi жайында кеңiнен мағлұматтар бере отырып, жас ұрпақты отансүйгiштiкке баулу.

Аталмыш іс-шараға: Отыншы Көшбайұлы – өлкетанушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ҚР оқу ағарту ісінің озық қызметкері. Қазіргі таңда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі. Еділхан Алқажан Меделұлы – Маңғыстау тарихы, мәдени ескерткіштері, т.б. туралы көптеген зерттеу мақалаларының авторы, өлкетанушы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өңірлік сараптамалық кеңестің төрағасы болған белгілі тұлға. Ақмырзаев Мұрат Мұрзағалиұлы – өлкетанушы, «Серікбол Қондыбайұлы мұраларын» зерттеуші, педагог. Ақтау қаласы С.Қондыбай атындағы №22 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.

Сондай-ақ “Маңғыстау өнер колледжінің” талантты да өнерлі студенттері Сакабанова Айнұр және Маратов Жомарт жыр-термелерін тарту етті.

Іс-шараның жүру барысында, «Жұмбақ жайлап, аңыз өрген – Маңғыстау» тақырыбында баяндама оқылып, Маңғыстау мешіттері туралы дайындалған слайд көрсетіліп, “Қараман ата жерасты мешіті” жайында видео көрсетілді. Сондай-ақ танымдық кешке шақырылған құрметті қонақтарымызға сөз кезегі беріліп, қатысушы жастарымыз бен келуші қонақтарымыз арасында сұрақтар қойылып, пайымды жауаптар алынды.

Сонымен қатар іс-шара барысының толық нұсқасын “Маңғыстау телеарнасының” жаңалықтар бөлімінен көре аласыздар. 

Leave a Reply