Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қызметкері БИМАҒАНБЕТОВА ҚАМАР – “Жылдың үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы” номинациясы бойынша марапатталды.
Бимағанбетова Қ. “Ескерткіштерді есепке алу және қорғау” бөлім меңгерушісінің қызметін атқарады. Өлкедегі тарихи-мәдени мұра объектілерінің мемлекеттік қорғауға алынуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құжаттамаларды жасақтауда айрықша үлес қосып келеді.
