«Маңғыстаудың қасиетті нысандары»

«Қасиетті Қазақстан» қадамдары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек» деген болатын.Нәтижесінде 100 нысан жал¬пы¬ұлт¬тық деңгейде, 500 ны¬сан жер¬¬гі-лікті маңызы бар қасиет¬ті орын тізіміне енгізілді. Маңғыстау облысы бойынша 15 нысан жалпыұлттық, 28 нысан жер¬¬гі¬лікті маңызы бар қасиет¬ті орын тізіміне енгізілді.

Біздің басты міндетіміз - Қазақстандағы қасиетті орындар тізімін жасау ғана емес, бұл нысандарды рухани құндылықтардың картасына айналдыру. Кез келген қазақстандық еліміздің батысы мен шығысындағы, оңтүстігі мен солтүстігіндегі қасиетті жерлерді бірдей білуі керек, осылайша қасиетті орындар арқылы тарихты жүйелі түрде біледі, еліміздің біртұтас тарихын білу ұлттық бірегейлікке жетелейді Аттан құласа да, салттан құламаған қазақ халқы қашанда ата-бабаларының әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін ұстанып келеді. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға осы «Маңғыстаудың қасиетті нысандары» жылжымалы көрмесінде жинақталған, халқымыз қасиетті санаған орындарын ұсынамыз. Қасиетті деп нені айтамыз?

Жалған намыс - қасиет емес, ар сақтаған – қасиет. Қазақ жұрты сан ғасырлық тарихы бар жәдігерлерді жиып-теріп, оларды қасиетті санаған. Мұның барлығы - ұлт қазынасы, атадан қалған асыл мұра. Атамекен, туған жер – әркімнің ата-бабасы, өзі туып өскен жер. Туған жерді, өскен елді құрметтеу, оған барып-қайту азаматтылықтың белгісі. «Алтын бесік» деп әспеттеп айтатын жаңа келген баладан бастап ересек адамдарға дейін туған жеріне аунатып алатын қазақ ырымы бар. Ертеден қалған ескерткіштер – ежелгі қала орны, ата-баба жұрты, ескі қорымдық киелі орындар. Сондықтан, жалпы азаматтық тұрғыда, мемлекеттік мүдде тұрғысынан «Қасиет» сөзі барлығын қамтып тұр деп есептейміз.

Жарияланған күні: 16 қаңтар 2019




11 наурыз 2019

От киесі

     


Ұлыстың ұлы күні аталатын – Наурыз мейрамы Табиғат Ана мен оның перзенті Адам баласының арасындағы түсінгі келісілімділігі арқылы пайда болған мереке. Наурыз – түн мен күннің теңесуіне тура келетін өте көнеден келе жатқан мейрам. Жазбен қыстың, жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, қайырымдылық пен қатігездіктің күрес тартысының тоғысқан

16 қаңтар 2019

Көрмелер

Мәдени-тарихи қорыктың тақырыптық жылжымалы көрмелері:

Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығында  табиғи, тарихи, діни, этнографиялық бағыттар бойынша көптеген қызықты жылжымалы және тұрақты көрмелер қызмет жасайды. Қорық  облыс аумағы бойынша және оның шегінен тыс жерлерде барлық мәдени шараларға белсенді қатысады.  







 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28