THTTP/1.1 200 OK Date: Wed, 17 Jan 2024 11:18:57 GMT Server: Apache Expires: Thu, 19 Nov 1981 08:52:00 GMT Cache-Control: no-store, no-cache, must-revalidate, post-check=0, pre-check=0 Pragma: no-cache Keep-Alive: timeout=5, max=80 Connection: Keep-Alive Transfer-Encoding: chunked Content-Type: text/html; charset=UTF-8 1f40 Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы : Жылжымалы және тақырыптық көрмелер

От киесі

     


Ұлыстың ұлы күні аталатын – Наурыз мейрамы Табиғат Ана мен оның перзенті Адам баласының арасындағы түсінгі келісілімділігі арқылы пайда болған мереке. Наурыз – түн мен күннің теңесуіне тура келетін өте көнеден келе жатқан мейрам. Жазбен қыстың, жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, қайырымдылық пен қатігездіктің күрес тартысының тоғысқан мезгілі. 


 


Маңғыстау өлкесі географиялық орналасуына байланысты ұлы көш жолдарынан тыс қалған, бұл себептен көптеген наным сенімдер, ұғымдар, Евразия көшпелілердің рухани дәстүрлері бүгіңгі күнге дейін сол қалпында сақталған. 


 

 


Ежелгі заманнан бері көптеген күнтізбелер пайда болған. Адам баласы айналадағы табиғаттың құбылыстарын зерттеген. Айдың, күннің, жылдың ауысуларына байланысты ең нақты үш күнтізбе жасақталған: айлық, күнделікті және айлық-күнлік күнтізбелер. 


 


 

От киесі мифологиядағын негізгі басты ұғымдардың бірі. Ол түрлі пішіндерде өзгереді; Тәңір Оты (Күн, найзағай), құрбандық от (Тәңір мен адам арасын байланыстырушы) және жер асты оты. От басы, ошақ қасы – Киесі болған. От екі бейнелі: сүйікті де сыйлы, жаратушы киелі күш те сонымен қатар жалын өрт – қорқынышты тілсіз жау. 


 

 


  

Бәйте құдығының аймағында отналасқан отқа, күнге табынушылардың қайталанбас, бірегей болып келетін ғибадатханасына Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясының Үстірт тобы зерттеу жұмыстарын 1988 жылы тәмамдаған. Зерттеу нәтижесінде Күн Тәңіріне арналған көлемді ғибадатхананың орны, көптеген тас мүсіндер, көшпелілердің дүниетанымына, космогониялық, анималдық, күнтізбелер ұғымына байланысты артефактар табылған. Ғибадатхананың  ішкі  құрылысының  негізгі жобасы-шеңбер ішіндегі шаңбақ тәріздес болып келеді. 

1f40
  

 


  

Күнделікті күннің өз ұясына оралуы, жаңа күннің пайда болуы, табиғат өліп, қайта жандануы, қыс кетіп, көктемнің келуіне байланысты наным-сенімдер пайда болған. Өшпес ғұмыр, бітпес өмір нышандыры  адамдардың жерлеу дәстүрлерінде де орын алған. 


 

 


 

Күн Тәңіріне сыйыну, құлшылық ету ежелгі адамдардың ең басты ұғымдарының бірі болды. Маңғыстау көшпелілері  Күн Тәңіріне бағыштап көлемді ғибадатханалар көтерген. Каспий теңізінің шығыс жағалауын мекендеген көшпелі тайпа массагетер туралы тарих атасы  Геродот былай деген «Олардың ең негізгі құдайы – Күн Тәңірі. Оған арнап құрбандық шалған, құрбандыққа ең жүйрік жануар – жылқы малын әкелген». 

 

 

 

 

 


 

 


Жарияланған күні: 11 наурыз 2019




11 наурыз 2019

От киесі

     


Ұлыстың ұлы күні аталатын – Наурыз мейрамы Табиғат Ана мен оның перзенті Адам баласының арасындағы түсінгі келісілімділігі арқылы пайда болған мереке. Наурыз – түн мен күннің теңесуіне тура келетін өте көнеден келе жатқан мейрам. Жазбен қыстың, жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, қайырымдылық пен қатігездіктің күрес тартысының тоғысқан

16 қаңтар 2019

Көрмелер

Мәдени-тарихи қорыктың тақырыптық жылжымалы көрмелері:

Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығында  табиғи, тарихи, діни, этнографиялық бағыттар бойынша көптеген қызықты жылжымалы және тұрақты көрмелер қызмет жасайды. Қорық  облыс аумағы бойынша және оның шегінен тыс жерлерде барлық мәдени шараларға белсенді қатысады.  







 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28

 

 

0