Алтын Орда кезеңіндегі – Маңғыстау
Алтын Орда – Еуразияның орталық бөлігіндегі өзінің құрамына алуан түрлі тайпаларды, елдер мен халықтарды біріктірген ортағасырлық көпұлтты мемлекет. 1224 жылдары Шыңғысхан империясының өз балалары арасында бөлінуімен Жошы Ұлысы пайда болды деп есептеуге болады. Қайта өркендеу дәуірі теңіз карталарында – портуландарда – еуропалық картографтармен Алтын Орданың қалалары, билеушілері мен тулары бейнеленген. Каспий теңізінің шығыс жағалауында елді мекендері жобалап көрсетілген Түпқараған түбегі анық белгіленген. XIII-XIV ғғ. Маңғыстау аймағында атаулы түрде Алтын Орданың билеушісіне бағынатын оғыз-түркмен тайпалары мекендеген. Осы жерді қоныстанған көшпелілерден қалған көптеген қабірүсті құрылыстары сол дәуірдің тарихи дәлелдері болып табылады. XIV ғ. басында Түпқараған айлағының жағалауында қазір Кетікқала атанып жүрген сауда орны пайда болады. Бұл порт Каспий теңізіндегі маңызды түйіндік нүкте болды, ол арқылы Қытай, Үндістан, Хорезм, сондай-ақ Каспий маңындағы мемлекеттердің тауарлары Еділ бойындағы алтынордалық қалаларға жөнелтіліп отырды. XIV ғ. ортасына қарай Кетікқала Ширваншахтар мемлекетімен белсенді сауда қатынастарын құрады. Бұл дерекке Маңғыстаудың бүкіл теңіз жағалауына таралған әзербайжан ыдыстарының көптігі дәлел бола алады. Қошақ шығанағының оңтүстік жағалауынан зерттеушілер сауда айлағын тапты, ол жазба және картографиялық деректерде Қараған, Сартас және Маңғышлақ деген атаулармен кездеседі. Ол алтынордалық кезеңді қоса алғанда Х ғасырдан XVІІІ ғасырға дейін белсенді қызмет атқарған. Өзбек ханның билігі кезінде Үстірт сауда артериясы керуендерге қызмет көрсететін, тауарларды сақтайтын және почталық қажеттіліктерді атқаратын жолаушылар үйін қамтитын керуен-сарайлар жүйесіне енеді. Маңғыстау облысының аумағынан үш керуен сарай табылып отыр, олар – Құсшы, Белдеулі және Қосқұдық. Өзбек ханның ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдауына байланысты Алтын Орда кезеңінде Маңғыстауға діни жаңалықтар келе бастады. Бұл кезеңде мұнда сопылық ордендердің жартастағы мешіттері, құлпытастардың аскеттік түрі және кесене құрылысында ортаазиялық архитектуралық әдістер кеңінен тарала бастады. Мангистау в период Золотой Орды Золотая Орда - средневековое многонациональное государство на землях центральной Евразии, которое объединило в своем составе множество разных племён, народов и стран. Разделение Чингисханом империи между своими сыновьями, произведённое к 1224 году, можно считать возникновением Улуса Джучи. На морских картах эпохи Возрождения – портуланах - европейскими картографами изображены города, флаги и правители Золотой Орды. На восточном побережье Каспийского моря явно выделен Тупкараганский полуостров с указанием вероятных населенных пунктов. В XIII-XIV вв. территория Мангистау заселена огузо-туркменскими родами, номинально подчиняющимися правителям Золотой Орды. Историческими свидетельствами этой эпохи являются многочисленные надмогильные сооружения, оставленные здешними кочевниками. В начале XIV в. на берегу Тупкараганской бухты возникает торговая фактория под современным названием Кетиккала. Этот порт являлся важной узловой точкой на Каспийском море, через которую проходили товары из Китая, Индии, Хорезма, а также прикаспийских государств в золотоордынские города Поволжья. В середине XIV в. Кетиккала налаживает активные торговые отношения с государством Ширваншахов. Об этом факте свидетельствует большое количество азербайджанской посуды, распространенной по всему морскому побережью Мангистау. На южном побережье залива Кочак исследователями найдена торговая пристань, известная по письменным и картографическим данным под именами Караганская, Сарташская и Мангышлакская. Она активно функционировала с Xпо конец XVIII вв., включая и золотоордынский период. В период правления хана Узбека устуртская торговая артерия обустраивается системой караван-сараев – гостевых подворий для обслуживания караванов, хранения товаров и почтовых нужд. На территории Мангистауской области выявлено три караван-сарая – Куше, Белдеули и Коскудук. Мангистау в период Золотой Орды коснулись религиозные новшества, связанные с периодом принятия ханом Узбеком ислама, как государственной религии. В это время здесь появляются скальные мечети суфийских орденов, аскетичный тип надгробий и среднеазиатские архитектурные приемы строительства мавзолеев.
11 наурыз 2019
От киесі
Ұлыстың ұлы күні аталатын – Наурыз мейрамы Табиғат Ана мен оның перзенті Адам баласының арасындағы түсінгі келісілімділігі арқылы пайда болған мереке. Наурыз – түн мен күннің теңесуіне тура келетін өте көнеден келе жатқан мейрам. Жазбен қыстың, жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, қайырымдылық пен қатігездіктің күрес тартысының тоғысқан
16 қаңтар 2019
Көрмелер
Мәдени-тарихи қорыктың тақырыптық жылжымалы көрмелері:
Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығында табиғи, тарихи, діни, этнографиялық бағыттар бойынша көптеген қызықты жылжымалы және тұрақты көрмелер қызмет жасайды. Қорық облыс аумағы бойынша және оның шегінен тыс жерлерде барлық мәдени шараларға белсенді қатысады.
Соңғы хабарлар
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023
"Тұлпар" жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды
 22 мамыр 2023
Қарақия ауданына қарасты орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылған жылжымалы көрме
 20 мамыр 2023
"Жылдың Үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы"✨✨✨
 20 мамыр 2023