Қосарқан қорымы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт елді мекенінен 35 км батыс бағытта жазық жерде орналасқан. Қорымда XVIII ғ. аяғы – XX ғ. басы кезеңдерімен 50 шақты ескерткіштері сақталған. Олардың қатарында бірі саз былшықты қыш кірпіштерден сегіз қырлы етіп тұрғызылған (жоғарғы бөлігі үшбұрышты болып келетін төртбұрышты кіріс ойығы тастан жасалған, қабырға қалыңдығы 1,5 м) және қабырғалары плиталармен көмкерілген (күмбезі шала өңделген тастардан дулыға үлгісінде тұрғызылған) күмбезтамдар, сағанатамдар, және шала немесе жартылай өңделген тастардан әр түрлі биіктікте қаланған тас қоршаулар, қақпасыз сандықтастар, қойтас-құлпытастар бар. Қорымның солтүстік бөлігінде орналасқан қабырға орталары шой тастармен толтырыла саз балшық араластырыла қаланып, плита тәріздес тастармен қабырға тегістігінен шығыңқы белдіктер жасай тұрғызылған күмбезтамның күмбезі шала өңделген тастардан дулыға үлгісінде болып келеді.
Ескерткіштің тарихы туралы нақты тарихи деректер жоқ.
Ескерткішті 2007 дылы маусым айында қорық қызметкерлерінің экскпедициясы барысында зерттеу, құжаттандарыу жұмыстары жүргізілген. Қорымдағы қабіртастардың Адай – Жеменей – кедей руының ұрпақтарына тиісті екені анықталған. Қыштан тұрғызылған күмбезтамның жақтауында: «Кедей Ерсары» деген жазуы бар.
21 шілде 2021 Жарияланған уақытты: 14:23
Бармақ некрополі
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Орталық Үстірттегі Бармақ құдығынан 400 метрдей қашықтықта жазық жерде орналасқан. ХІV – XVIғғ., XVIIIғ. аяғы –XXғ. басы кезеңіндегі ескерткіштер. Некропольде 100-ге жуық орта ғасырлық және жаңа заман ескерткіштері шоғырланған. Ескерткіштердің қазіргі техникалық жағдайларына байланысты, сәулет пішіндерінің ерекшеліктері негізінде некропольден 23 ескерткіш есепке алынған. Некропольдің солтүстік-батыс бөлігінде ХIV ғасырда оғыз-қыпшақ
Толығырақ
12 шілде 2021 Жарияланған уақытты: 14:18
Әліке Қанай некрополі
Толығырақ
13 маусым 2021 Жарияланған уақытты: 17:03
Қосарқан қорымы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт елді мекенінен 35 км батыс бағытта жазық жерде орналасқан. Қорымда XVIII ғ. аяғы – XX ғ. басы кезеңдерімен 50 шақты ескерткіштері сақталған. Олардың қатарында бірі саз былшықты қыш кірпіштерден сегіз қырлы етіп тұрғызылған (жоғарғы бөлігі үшбұрышты болып келетін төртбұрышты кіріс ойығы тастан жасалған, қабырға қалыңдығы 1,5 м) және қабырғалары плиталармен көмкерілген (күмбезі шала өңделген тастардан дулыға үлгісінде
Толығырақ
10 маусым 2021 Жарияланған уақытты: 16:00
Әжімұрат (Мәмішқазған) күмбезтамы
Әжімұрат (Мәмішқазған) күмбезтамы
ХІХ ғасыр – ХХ ғасырдың басы Бейнеу ауданы, Тұрыш селосынан 12 км оңтүстік-батыс бағытта орналасқан.
Ескерткіш алғаш рет 2005 жылы қорық қызметкерлерінің іссапарында зерттелген. 2007 жылы маусым айында қорық қызметкерлерінің «Көшпелілердіңмәдени мұрасы мәселелері жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты» мамандарымен бірлескен экспедициясы барысында құжаттандырылған.
Толығырақ
8 маусым 2021 Жарияланған уақытты: 15:55
Қызылқұлаш қорымы
ХІХ ғасыр-ХХ ғасырдың басы, Бейнеу ауданы Боранқұл селосынан 30 км оңтүстік бағытта орналасқан. Ескерткіш алғаш рет қорық қызметкерлерінің 2005 жылы сәуір айындағы іссапарында зерттелген. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қорымнан 1 күмбезтам есепке алынған. Күмбезтам қорымның орталық бөлігінде орналасқан. Оңтүстік-шығыс қабырғасының жіпсетасы мен кереге тасы аралығына тіктөртбұрышты ойықтар қалдырылып, порталына геометриялық өрнектер
Толығырақ
2 маусым 2021 Жарияланған уақытты: 15:45
Борқұдық қорымы
Борқұдық қорымы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селоснан 40 км оңтүстік-батыс бағытта орналасқан. Қорым кіші дөңнің үстінде орналасқан. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қорымнан 56 ескерткіш мемлекеттік есепке алынған. Қорым жоспарда солтүстіктен оңтүстікке қарай созыңқылы орналасқан. Қорымдағы сандықтастарда адам бейнесі, шаңырақ, балта, мылтық, қылыш т.б әр түрлі суреттер ойылып салынған. Сандықтастар ерекше үлгіде төбесі
Толығырақ
14 мамыр 2021 Жарияланған уақытты: 15:36
Сақау қорымы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт селосынан 53 км оңтүстік бағытта орналасқан. Қорымдағы күмбезтамның қабырғалары өңделген плиталармен қапталған, оңтүстік батысқа бағытталған төртбұрышты кіріс ойығының жоғарғы жағы үшбұрышты сүйірлене біткен. Дулыға пішінді күмбезінің найзатасы әйкелтасынан бөлініп құлаған. Қорымдағы қадақ тастардан тұрғызылған және шала немесе жартылай өңделген тастардан қаланған тас қоршаулар әр
Толығырақ
30 сәуір 2021 Жарияланған уақытты: 15:06
Иманбай күмбезтамы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Төлеп селосынан 25 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан. ХІХ ғасырдың басында қалыптасқан ескерткіш.
Күмбезтам жоспарда төртбұрышты, қабырға ортасы шала өңделген тастардан көлденеңінен қойыла қаланып, сыртынан өңделген плиталармен көмкерілген күмбезтам цокольды бір белдікке орнатылған. Маңдайшасы сырлы бояулы өрнектермен әсемделген төртбұрышты кіріс ойығы оңтүстік-батысқа бағытталған алдыңғы қабырғасы,
Толығырақ
8 ақпан 2021 Жарияланған уақытты: 15:37
Есен ата жерленген жер
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Бекі селосынан 5 км оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Жетібай-Шетпе жолына жақын биіктеу келген ұзын төбеде орналасқан. Қорымның аумағына кіре-берісте дәстүрлі қағидаға сай дұғалық орын орналасқан. Ол тас қаландыларымен қоршалған. Мұнда бір ескерткіш тас үйінді түрінде, әрі тік орнатылған ағаш бақанымен ерекшеленген, ал басқасы - созылған ұзын шарбақ ретінде орналасқан. Аңыз бойынша, осы жерде киелі күштің
Толығырақ
31 қаңтар 2021 Жарияланған уақытты: 15:26
Атақозы бейіті
Атақозы Айтқұлұлы бейіті Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосынан 18 км оңтүстік-батыс бағытта, Көне Бейнеудегі Бекет ата мешітінің солтүстігінде 2 км қашықтықта орналасқан.
Атақозы Айтқұлұлы (1704-1794) – Кіші жүзде аты аңызға айналған батыр. 40 мыңдай қазақ, қарақалпақ жасақтарының 1723 жылы қалмақтармен соғысында ерлігімен аты шыққан. 1726 жылы қалмақ ханы Сэрен Дондукке қарсы жорықтарда
Толығырақ
5 қаңтар 2021 Жарияланған уақытты: 15:43
Көбен жерасты мешіті
іЕскерткіш Жарма ауылының оңтүстік - шығысында 12 шақырым жерде Сауысқан құмының оңтүстігіне таман орналасқан. Мешіт осы аттас қауымға жақын жерде. Қауым 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басына жатады. Жерасты мешіті борлы әктастан ойылып жасалған. Төртбұрышты формалы болып келетін екі бөлмеден тұрады. Дәліз өңделген тастардан өріліп күмбез тәріздес жасалған. Қазіргі уақытта күмбез құлаған. Бөлменің ішкі жағынан күмбездің қолдан өрілгенін байқаймыз. Тастар жақсы
Толығырақ
31 желтоқсан 2020 Жарияланған уақытты: 15:29
Төлеген-әулие жерасты мешіті
Төлеген-әулие жерасты мешіті – Шайыр ауылынан 20 шм солтүстік-батыс бағытта орналасқан. Қаратау сілемдерінің батыс бөлігіндегі «Тасжол» деп аталатын айқаса орналасқан тау жотасының оңтүстік-шығыс жартасынан қашалған үңгір-кеуектегі мешіт құрылысы бір бөлмеден тұрады. Оңтүстікке бағытталған кіріс ойығының биіктігі 110 см, ені 120 см, жоғарғы бөлігі доғалана қашалған. Қалыңдығы 90 см болатын кірісінің солтүстік жақтауына эпиграфика
Толығырақ
17 желтоқсан 2020 Жарияланған уақытты: 15:21
Махтум баба мешіті
Махтум баба мешіті ХIV-ХV ғғ. Форт-Шевченко қаласынан 25 км шығыс бағытта орналасқан. Шамамен 14-15 ғ.ғ-да салынған Махтум-баба мешіті орналасқан. Жоспарда мешіт үлкен және кіші бөлмелерден тұратын көп камералы құрылыс болып келген, әртүрлі бөлмелері бір-бірімен аркалы қуыстар арқылы байланыстырыла шығарылған. Қабырғалары саз балшық араластырыла жартылай өңделген тастардан көлденеңінен және сейсмикалық апатқа қарсы қиғаштала қаланған. Мешіт жайлы
Толығырақ
3 желтоқсан 2020 Жарияланған уақытты: 17:11
Бекет ата жер асты мешiтi
Бекет Мырзағұлұлы 1750–1813 жж. Маңғыстау, Үстiрiт, Атырау мекендеген Адай тегi қазақ халқының данасы. Туған жерi қазiргi Атырау облысы Жылой ауданы Ақкиiзтоғай ауылы. Жас кезiнде қолына қару алып, көршiлес қалмақ, түркiмен тайпаларымен шайқасып, халқының егемендiлiгiн қорғаған Бекет батырлығын танытып, табиғи күш-қуатымен ерекшеленiп, ел аузында ер Бекет атанады. Жаугершiлiктi тоқтатып, елiнде бейбiтшiлiк, көршiлес халықтармен достық қарым-қатынас құруды
Толығырақ
26 қараша 2020 Жарияланған уақытты: 16:59
Сұлтан үпі сайы, құдығы және жер асты мешіті
Сұлтан үпі жерасты мешіті – Каспий жағалауына жақын жердегi Ащымұрын мен Ойра аралығында, Форт-Шевченко қаласынан 57 км солтүстiк-шығыс бағытта орналасқан. Жердің тастақ қабатынан ойып жасалған жерасты мешiт бірнеше камералық бiр-бiрiне жалғасқан 11 бөлмеден тұрады және тастан тiреуiш бағаналар орналасқан. Ескерткіштің рухани-діни бағыттағы сипаты Сұлтан үпі жерасты мешітін шамамен ХII-ХIII ғғ. салынған қандай да бір сопылық қауымның ханака-ғибадатханасы болған.
Толығырақ
17 қараша 2020 Жарияланған уақытты: 16:54
Қараман ата жерасты мешiтi және қорымы
Қараман ата жерасты мешiтi – Шетпеден 35 км жерде, Бекi елдi мекенiнiң батыс жағында орналасқан. Мешiт тау шатқалының төменгi қабатынан ойып жасалған, негiзiнен 3 бөлмеден тұрады. Жалпы көлемi 4 га жердi қамтиды. Бөлмелердiң ең биiгi 2,5 метрге жуық. Үлкен бөлменiң төбесi тастан құралған бағандармен бекiтiлген. Екi бөлменiң төбелерiнен жарық түсетiн дөңгелек терезелер ойылған. Ел аузындағы аңыздар бойынша,
Толығырақ
11 қараша 2020 Жарияланған уақытты: 16:47
Масат ата жерасты мешiтi
Масат ата жерасты мешiтi – Маңғыстау ауданы, Ұштаған ауылынан 20 км оңтүстiк-шығыста орналасқан. Зерттеулер нәтижесiнде, қауымнан 526-ға жуық ескерткiш есепке алынған. Қауымдағы алғашқы ескерткiштер шамамен, 14-18 ғғ. аралығын қамтиды. Қауымның оңтүстiк-батысында Масат атаның жер асты мешiтi орналасқан. Мешiттiң iшкi аумағы 4 қанат үйдей. Есiк қапталынан михраб, қабырғаларынан сөрелер қашалған.
Толығырақ
28 қазан 2020 Жарияланған уақытты: 16:36
Шақпақ ата жерасты мешiтi және қорымы
Жерасты мешiттерiнің аса көркем үлгiсi болып табылатын Шақпақ ата мешiтi Түпқараған ауданы, Таушық елдi мекенiнен 30 км солтүстiк-батыс/бағытта Сарытас-Қошақ шығанағына таяу Оңғазы тауының етегiнде (Шилiқұдық алқабы) орналасқан. Шақпақ ата жерасты мешiтiне 1966-68 жылдары А.Г.Медоев, 1973 жылы М.Меңдiқұлов зерттеу жұмыстарын жүргiзген. Жартас ішіндегі жасанды үңгір
Толығырақ
15 қазан 2020 Жарияланған уақытты: 16:24
Шопан ата жер асты мешіті және қорымы
Шопан ата жерасты мешiтi – Қарақия ауданында, Сенек елдi мекенінен 20 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Мешiт бiр-бiрiне қосылған 12 шағын бөлмелерден тұрады, ақборлы жартастың қабатынан ойылып жасалған. Алғашқы кезде бұл ғимарат керуеншiлер, жолаушылардың тоқтап, паналайтын орны болған, себебi: Маңғыстаудан Хорезмге баратын, Ұлы Жiбек жолында орналасқан. Кейiннен бұл құрылыс мешiт ретiнде
Толығырақ
16 қаңтар 2019 Жарияланған уақытты: 15:59
Сисем-ата қорымы
Сисем-ата қорымы – Маңғыстаудағы ең ірі және ежелгі қорымдардың бірі, Өтес селосынан 35 км солтүстік бағытта, батыс Үстірт шыңдары аймағындағы қыстау-құдықтар мен ежелгі керуен жолдары бойында орналасқан. Қорым туралы алғашқы деректер осы өлкеге 1825-1826 жж. келген орыс әскери экспедициясының басшысы, полковник Ф. Бергтің күнделігінде «Бұл конус тәріздес жер-тас үйінділерінен тұратын қасиетті қорым, алуан түрлі сәулет пішіндерінің біртұтастығы
Толығырақ
Соңғы хабарлар
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023
"Тұлпар" жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды
 22 мамыр 2023
Қарақия ауданына қарасты орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылған жылжымалы көрме
 20 мамыр 2023
"Жылдың Үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы"✨✨✨
 20 мамыр 2023
21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні