"Ескерткіштерді есепке алу және қорғау" бөлімі

 

Бимаганбетова Камар Максотовна 2002 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау  мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 2006 жылы «тарих және география» мамандығын алып шықты. «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорық» мемлекеттік мекемесіне қызметке 2011 жылдың ақпан  айынан бастап Ескерткіштерді есепке алу және қорғау бөліміне маман  болып  жұмысқа қабылданды. Осы саладағы еңбек өтілі 13 жыл.

Ескерткіштерді зерттеу және есепке алумен байланысты бүкіл құжаттарды (алғашқы есеп анкетасы, төлқұжат, есеп картасы және басқа құжаттар) толықтырып жинақтап отырады, жұмыс жоспары бойынша облыс көлемінде есепке алынбаған тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, алдын-ала есепке алу тізіміне енгізу, құжаттандыру, техникалық жағдайын тексеру, инвентарлық нөмірлерін жаңғырту мақсатында ғылыми-зерттеу іссапарларына қатысады.

2010 жылы «Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін» Маңғыстау облысының әкімі  Қ. Көшербаевтың алғыс хаты;

2010 жылы «Бекет ата 260 жылдығына арналған шараларды ұйымдастыруда және өткізуде қосқан зор үлестері үшін» Маңғыстау облысының әкімі  Қ. Көшербаевтың алғыс хаты;

2013, 2014, 2015 жж  мәдениет басқармасының басшысы   Б.Т. Базарбаевтың Алғыс хаты,  2016 ж - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне және Маңғыстау облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысы әкім орынбасарының Алғыс хатымен марапатталды.

2018 жылы «Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Маңғыстау облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін» Маңғыстау облысы әкімі Е.Тоғжановтың Алғыс хатымен марапатталды.  

Жарияланған күні: 19 ақпан 2020: 12:10  




19 ақпан 2020 Жарияланған уақытты: 12:10  

"Ескерткіштерді есепке алу және қорғау" бөлімі

12 сәуір 2019 Жарияланған уақытты: 17:52  

«Археология және сәулет» бөлімі

12 сәуір 2019 Жарияланған уақытты: 17:43  

«Қор» бөлімі

12 сәуір 2019 Жарияланған уақытты: 17:41  

«Экскурсия көпшілік» бөлімі

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28