""Экскурсия-көпшілік" бөлімі

 

Яриханова Айман Керліқұлқызы – 13.04.1985 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Достық ауылында туған. 1991-2002 жж. аралығында орта білім алған. 2002 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне түсіп, 2006 жылы «Тарих және география» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

2008 жылдан бастап Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорықтың «Ескерткіштерді есепке алу және қорғау» бөлімінің маманы ретінде қызметке қабылданып, қазіргі таңда «Экскурсия-көпшілік» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізеді, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау бойынша конференцияларда, семинарларда баяндамалар жасайды. Тарихи-мәдени ескерткіштердің сақталуын қадағалап, насихаттау және ағарту жұмысының саласында белсенді жұмыс атқаруда. Өлкеде ұйымдастырылатын халықаралық конференцияларда қажетті іс-шараларды жасауға қатысып, өз үлесін қосып жүрген білікті маман. Тарихи-мәдени ескерткіштер туралы жас ізденуші, оқушы, білімгерлерге консультациялар өткізеді.

Өлкенің тарихи-сәулет, археологиялық ескерткіштерін көпшілікке ауыл, аудан, қала көлемінде насихаттаушы, ғылыми жұмыстарға белсене қатысушы маман иесі. Тарихи-мәдени ескерткіштер туралы баспасөзде, радио және теледидар бағдарламаларда сұхбат береді.

Бірнеше ғылыми-танымдық мақалалардың авторы, аудандық, облыстық, республикалық газеттер мен сайт, порталдарда жарияланды: «Маңғыстау мен Үстірттің сырға тұнған тастары» (Маңғыстау; 2010 ж.), «Маңғыстау сонадайдан тоңазытқан, жүрегін талай жанның қобалжытқан» (Тумба; 2010 ж.), «Көне жәдігерлер мұражай қорында» (Тумба; 2010 ж), «Маңғыстау құдықтары түбектегі бірден-бір тіршілік көзі» (Маңғыстау; 2009 ж), «Үстірттің қара шатқалдары» (Мұнайлы; 2010 ж) «Ғажаптар көрмесіндей Маңғыстауым» (Mangystaumediа сайты; 2018ж.), «Махтум баба мешіті» (Маңғыстау; 2018 ж.), «Алтынқазған кешені туралы не білеміз?» (NEWSROOM+ Жаңа заманның жаңа порталы 2020 ж) және т.б.

2010 жылы Пір Бекет атаның 260 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге қосқан үлесі үшін «Нұр Отан»

ХДП Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Қараевтың Алғысымен;

2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және «Атамекен» Қазақстан Картасы» Этно-мемориалдық кешенінің 10 жылдығына арналған «Мұражай-тарих пен бүгінгі күннің феномені ретінде» атты Халықаралық мұражайтанушылар форумына қатысқаны үшін Астана қаласы Мәдениет басқармасының Сертификатымен;

2011 жылы Халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалін ұйымдастыруға және өткізуге қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысының әкімі Қ.Көшербаевтың Алғысымен марапатталды;

2011 жылы Қазақстан Республикасы мұражай ісінің дамуына қосқан елеулі және белсенді үлесі үшін Астана қаласы Мәдениет басқармасының бастығы Б.Б.Мажағұловтың Дипломымен марапатталды;

2018 жылы Маңғыстау облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары М.Сқақовтың Алғысымен;

2018 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай өткізілген «Тарих. Таным. Тәуелсіздік» атты тарих апталығы аясында оқушыларға өлке тарихынан терең мағлұмат беретін көрмелерді әсерлі жүргізгені үшін Маңғыстау облыстық білім басқармасы түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балалар мектеп-интернатының директоры Р.Нурбасинованың Алғысымен марапатталды;

2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Р.Шердің Алғыс хатымен;

2018 жылы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжановтың Алғысымен марапатталды;

2019 жылы Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойын ұйымдастыру мен өткізуге қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы П.Сармурзинаның Алғысымен марапатталды;

2019 жылы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында өткен «Тарихи мұрада терең сыр бар» атты кеште жастарға тарихи құндылықтарды қорғауда тәрбиелік мәні зор ақпарат беріп, жоғары кәсібилігіңіз бен біліктілігіңізді танытқаныңыз үшін Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы директоры З.Айтуарованың Алғысымен;

2020 жылы Маңғыстау облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмовтың Алғысымен мараптталды;

2022 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының "Tourhike" жаяу жорық байқауын ұйымдастыруда қосқан үлесі үшін А.Темірланованың Алғысымен марапатталды.

2022 жылы Жалпы білім беру ұйымдарының педагогтары арасында өткізілген «Tourhike» облыстық жаяу жорық байқауын ұйымдастыруда қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысының білім басқармасы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы директоры А.Темірланованың Алғысымен;

2023 жылы Мектептегі тарих пәні: Білім берудегі жаңаша тренд, рухани құндылық тәжірибелік конференцияда белсенділік танытқаны үшін Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысы Д.Жұмашеваның Алғысымен марапатталды. Өнегелі көпбалалы отбасы, екі ұл мен екі қызды тәрбиелеп отырған аяулы ана, сүйікті жар, тәжірибелі маман.

 

Жарияланған күні: 19 ақпан 2020: 12:10  




19 ақпан 2020 Жарияланған уақытты: 12:10  

"Ескерткіштерді есепке алу және қорғау" бөлімі

12 сәуір 2019 Жарияланған уақытты: 17:52  

«Археология және сәулет» бөлімі

12 сәуір 2019 Жарияланған уақытты: 17:43  

«Қор» бөлімі

12 сәуір 2019 Жарияланған уақытты: 17:41  

«Экскурсия көпшілік» бөлімі

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28