Ғылыми-танымдық кеш", "Алаш қайраткерлері"

«Алаш қайраткерлері»

Ғылыми-танымдық кеш

Шақырылған қонақтар:

1. Жанат Нұрмаханова – тарихшы, ғалым

2. Алқажан Еділхан – өлкетанушы

3. Сегізбай Бекешев – КМТжИУ оқытушысы

4. «Туризм Колледжі»-нің бір топ студенттері жетекшісімен бірге

Жүргізуші: Қүрметті қонақтар! Бүгінгі ұйымдастырылып жатқан ғылыми-танымдық кездесу Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналады. Уақыт бөліп арнап келгеніңізге шын көңілден алғысымызды айтамыз. Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонақтарын таныстырып өтейін.

1757 ж. Шығыс Түркістанда күркіреп тұрған жоңғарларды Цин империясы жермен-жексен етті. Қытай жаулап алған Жоңғар хандығы мемлекеттік сипатынан бірден айырылды. Олармен алысып жатқан қазақтардың Кіші жүзі 1731, Орта жүзі 1740, Ұлы жүзі 1846 жылы Ресей тұзағына түсті. Ресей бодандығына өткен Қазақ хандығы біртіндеп айырылды. Ең алдымен, хан сайланбайтын болды. Кешегі үш ұлыстан тұратын тұтас ел енді біржолата үшке ыдырады. Әр ұлыс өз кезегінде әлденеше сұлтандардың иелігіне бөлшектенді. Кейін сұлтандар биліктен тайдырылып, қара сүйек өкілдеріне тізгін тиді. Ақыр аяғында далалық билеудің дәстүрлі құрылымдары мен жүйесі түгел жойылды. Ел төртке бөлініп, Ресейдің көршілес губернияларына бағындырылды. Басқару жүйесі ішкі Ресейдің таза аймақтық құрылымына сәйкестендірілді. Бір кездегі тұтас ел, сөйтіп, әуелі саяси, сосын аумақтық, ақыр аяғында этникалық тұтастығынан жұрдай болып шыға келді.

Отаршылдық атаулының зорлығы халықтың заңды наразылығын тудырды. Сырым, Атағозы, Саржала, Көктемір, Тіленші, Жоламан, Қасым, Саржан, Кеңесары, Наурызбай, Исатай, Махамбет, Асау, Барақ, Жанқожа, Есет, Бекет, Арынғазы, Иса, Досан, Сыпатай, Ақкөз, Байзақ бастаған және 1916 жылғы көтерілістер секілді біреуі басылмай жатып, екіншісі бас көтеріп жататын ереуілдер тізбегінің аяғы 20 ғасырдың басындағы азамат соғысына келіп ұласты. Қазақ халқы патшалық Ресейдің отаршылдығына ең көп қарсыласқан кауымдардың бірі. Бірақ, отаршылдықты тойтарып тастай алмады. Хандардың тұсында-ақ көшпелілер шабуылынан қорғанамыз деп үш тараптан шыр айналдыра қоршап алған әскерлер шебі енді әлгі ереуілдерді жаныштауды сылтауратып, ішке қарай сұғына түсті. ХІХ ғ. орта тұсында қазақ даласының оңтүстік шекараларына дейін жетіп тынды. Ақмешіт, Түркістан, Ихан, Шымкент, Әулиеата, Мерке шайқастары отаршылдыққа мойынұсынбаудың жанқиярлық үлгілерін көрсетті.

Дәстүрлі биліктен басқа билік жүйесіне ауысу ел ұстарлар арасындағы бақастық пен бақталастықты қоздырды. Олардың патша әкімшілігіне тікелей бағынышты болуы қалған халыққа жеккөрінішті етті. Көшпелі қауымдардағы бұрыннан бар аталастық, руластық, тайпаластыққа бөлінетін көлденең жіктеліске енді әкімқаралар мен қалың бұқара болып бөлінетін деңгейлік жіктелістер қосылды. Ұлттық ынтымаққа сөйтіп екі тараптан шабуыл жасалды. Патшалық Ресейдің іргесінде ұлан-ғасыр қазақ далаларынан айырылып қалмауға қам жасап бақты. Жан-жақтан түртпек көріп, жаналқымға түсіп отырған қыр билікшілерінің біртіндеп ауыздарын алуға кірісті. Оларды бір-біріне айдап салып, алауыздыққа ұрындырды. Ұсақ хандықтарға ыдыратып, әр ұлысты іргелес губерниялардың қанжығасына өңгеріп берді. Бірте-бірте қолжаулық хандықтардың да көздеріне су құйылды. Сөйтіп, Азия төрінде де алшаң басқан патша отаршылдары шығыстағы Қытай, Моңғол сынды көршілерінен арадағы аумақтық дауларды да, негізінен, қазақ жерінің есебінен шешті. Егер диаспора деген сөздің белгілі бір этникалық бірліктің бөлініп қалған бөлшегі немесе сынығы деген ұғымды білдіретінін ескерсек, қазақ қауымы ешқайда көшіп-қонбай, өз жерінде өз билігінен, ұлттық бірлігі мен аумақтық тұтастығынан айырылып, шатынаған шарайнадай шашырай сынып, ХІХ ғ. ортан белінде Түркістан, Орынбор, Сібір, Астрахан губерниялары мен Батыс Моңғол, Батыс Қытай аймақтарындағы қазақ диаспораларына қалай айналып шыға келгенін өзі де сезбей қалды.

20 ғ. біз осындай шашырыңқы күйде жеттік. Патша отаршылдығы қазақ даласының қисапсыз қазынасын қазақтарды қатыстырмай игеруге күш салды. Ол үшін қандастарымыз қандай аймақта жүрсе де, бәз баяғы малшы күйінде қалдырылды. Өндіріске, кәсіпке, сауда-саттыққа, егіншілікке баулынбады. Құнарлы жерлер бөгде тараптан келгендерге тартып әперіліп, бақташылықпен жүрген байырғылар шөл мен шөлейт аймақтарға ығыстырылды. Бұл шындығына келгенде, қазақтарды астыртын резервациялап, бас ноқтасы біреудің қолындағы қорықтағы бағыңды нәсілге айналдырып, ұлттық дамудан қол үздіру еді.

Бұны ХІХ ғ. аяқ кезінде көзге түсе бастаған қазақ оқығандары алдымен ұқты. Олардың Абай, Шоқан, Ыбырай, Салық сынды алғашқы легі халықты оқуға, өнер-білімге шақырса, кейінгі легі (Ахмет Б., Мұстафа Ш., Сұлтанмахмұт Т., Шәкәрім Қ., Әлихан Б., Міржақып Д., Мағжан Ж., Жүсіпбек А., Жанша мен Халел Д.) іргелі елдікке, төл мемлекеттікке үндей бастады. Ресейдегі тозығы жеткен патшашылдыққа қарсы күштер шетаймақтардағы бұратана халықтардың бұндай пиғылын өз күрестеріне пайдаланып қалуға тырысты. Сондай күштердің либералдық демократия бағытындағыларына сенетін қазақ зиялылары Алашорда қозғалысын ұйымдастырды.

1. Жанат апай, Маңғыстау жерінде Алаш мүшелері болдыма?

2. Ата-баба аңсаған егемендікке қолымыз жеттті, дегенмен неге қазақ тіліне құрмет аз? Қазақстанда тұратын барлық ұлыс неге қазақ тілінде сөйлемейді, қалай ойлайсыз? Өз қазағың да сөйлеп жарытпайды..

3. Алқажан ағай, Мағжан айтқан: жастарға сенесізба? Ол кісі тіріліп келсе бізге не дер екен? 

 

 

 

 

Жарияланған күні: 11 наурыз 2019: 15:55  




3 қыркүйек 2021 Жарияланған уақытты: 14:35  

Қала күніне орай өткізілген экскурсия

1 қыркүйек 2021 Жарияланған уақытты: 14:33  

1 қыркүйек - президент жолдауы

4 маусым 2021 Жарияланған уақытты: 15:50  

"4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні"

21 мамыр 2021 Жарияланған уақытты: 16:05  

"21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні"

9 сәуір 2021 Жарияланған уақытты: 16:41  

«Маңғыстаудың қасиетті нысандары» және «Алтын Орда кезеңіндегі - Маңғыстау»

6 сәуір 2021 Жарияланған уақытты: 14:43  

№16 жалпы білім беру мектебі

19 наурыз 2021 Жарияланған уақытты: 15:12  

Амал мерекесі

22 ақпан 2021 Жарияланған уақытты: 10:03  

№14 жалпы білім беру мектебі

17 ақпан 2021 Жарияланған уақытты: 15:34  

Маңғыстау туризм колледжі

29 қаңтар 2021 Жарияланған уақытты: 15:26  

«Алтын Орда кезеңіндегі - Маңғыстау» атты жылжымалы көрме

11 наурыз 2020 Жарияланған уақытты: 16:52  

Маңғыстаудың жылжымалы көрмесі Түркістанда

23 мамыр 2019 Жарияланған уақытты: 14:49  

Қарақия ауданындағы тарихи-мәдени мұра ескерткіштері туралы заңнаманы сақтау туралы семинар

11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 16:29  

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына пікір

11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 16:18  

Маңғыстау тарихи-мәдени қорығының археология жəне архитектура бөлімінің жетекшісі Бекболат Төлегенұлы «Маңғыстау», «24 KZ» телеарналарына және «Казахстанская правда» Республикалық газетіне берілген сұхбатынан үзінді.

11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 16:13  

Маңғыстауда тарихи орындардың интерактивті картасы жасалды

11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 16:07  

«Маңғыстаудың киелі орындары»

11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 15:55  

Ғылыми-танымдық кеш", "Алаш қайраткерлері"

11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 15:53  

"Дәстүрлі дін" презентациясын жүктеу

11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 15:52  

Дәстүрлі дін: ата-баба жолымен

12

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28